spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
22.2 C
Kokshetau

Жаңа Конституция: азаматтық қоғамның үміті мен жауапкершілік тепе-теңдігі

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазіргі кезеңде ұсынылып отырған Жаңа Конституция жобасы қоғамда ұзақ уақыт бойы қалыптасқан әділеттілікке, заң үстемдігіне және мемлекеттік басқарудың ашықтығына деген сұранысқа жүйелі жауап болып отыр. Құжатта көзделген өзгерістер мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара сенімді нығайтуға, билік пен қоғам арасындағы жауапкершілік тепе-теңдігін қалыптастыруға бағытталған.

Конституциялық нормаларда халықтың егемендіктің бірден-бір қайнар көзі ретінде айқындалуы – азаматтық қоғам үшін аса маңызды қағидат. Бұл ұстаным қоғамдық қатысуды кеңейтіп, мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне азаматтардың тікелей және жанама ықпалын күшейтуге жол ашады. Яғни, мемлекеттің дамуы қоғамның нақты сұраныстары мен мүдделеріне сүйене отырып жүзеге асуы тиіс деген қағида заң жүзінде бекітілмек.

Жоба аясында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге ерекше назар аударылған. Жеке өмірге қол сұқпау, дербес деректердің қорғалуы, сондай-ақ зайырлы мемлекеттің негізгі қағидаттарын нақтылау — қоғамдық тұрақтылық пен әлеуметтік келісімді қамтамасыз етудің маңызды шарттары. Бұл нормалар әр азаматтың құқықтық қорғалу деңгейін арттырып қана қоймай, мемлекет алдындағы сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Жалпы алғанда, Жаңа Конституция жобасы азаматтық қоғам институттарының дамуына, ашық диалог мәдениетін орнықтыруға және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті күшейтуге берік құқықтық негіз қалайды. Бұл — мемлекеттің жаңғыру жолындағы маңызды қадам әрі Қазақстан қоғамының саяси және құқықтық санасының жаңа деңгейге көтерілгенінің көрінісі.

Гүлмира Ешанова, ҚХАА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі.

 

Фото Ақорда

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика