spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
24.2 C
Kokshetau

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

Сондай-ақ...оқыңыз

2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған қонақ үйлерді классификациялау жүйесін жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұрын қолданыста болған талаптар өзектілігін жоғалтып, қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келмейді. Осыған байланысты жаңа ережелер жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда.

«Жаңартылған жүйе қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға, келушілердің қанағаттану деңгейін жоғарылатуға және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді»,
— деді Ербол Мырзабосынов.

Сондай-ақ министр 2025 жылы Алматы қаласы CNN Travel нұсқасы бойынша жылдың үздік туристік бағыттарының қатарына енгенін, ал Қазақстанның Lonely Planet басылымының Best in Travel 2025 рейтингіне енгізілгенін атап өтті. Бұдан бөлек, Алматы Bloomberg баспасының нұсқасы бойынша 2026 жылдың ең үздік 25 туристік локациясының бірі ретінде танылды. Amazon Prime, M6 және CCTV4 телеарналарымен бірлесіп жүзеге асырылған медиа-жобалар халықаралық деңгейде миллиондаған аудиторияны қамтып, елдің туристік әлеуетінің танымалдылығын арттыруға ықпал етті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика