spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
16.6 C
Kokshetau

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді

Сондай-ақ...оқыңыз

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде.

Реконструкциялау жұмысының мақсаты – құрылыстың беріктігін нығайту және елді мекеннің толыққанды қорғалуын қамтамасыз ету.

Бөгетті толық реконструкциялау жобасына автожолдарды қалпына келтіру, темірбетон плиталарын төсеу, дренаж жүйесі және абаттандыру кіреді. Барлық іс-шара аяқталғаннан кейін гидрологиялық нысанның жоғарғы деңгейі 2024 жылғы су тасқынының ең жоғары деңгейіне тең деңгейде белгіленеді.

Жобаны жүзеге асыру мыңға жуық халқы бар Тепличное ауылын су тасқынынан қорғауды қамтамасыз етеді. Үкімет елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстарын жүргізуде. Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша алты өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру және салу бойынша 57 жоба, оның ішінде 13 жаңа нысан құрылысы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 57 нысанның 40-ы аяқталды, 221 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды, бұл жұмыстың 91%-ын құрайды

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика