spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
14.2 C
Kokshetau

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды.

Сондай-ақ...оқыңыз

Аталған құжат қос мемлекет арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты түбегейлі тоқтатып, дипломатиялық қатынас орнатуға және берік бітім негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашты.

Мемлекет басшысының пікірінше, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ Президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да екі ел арасындағы осынау маңызды уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосты деп санайды.

Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде Алматы қаласын ұсынды.

Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тазалықтан басталған тағылым: Қосшыда республикалық айтыс өтті

Қосшы қаласында «Тазалық – мәдениеттің бастауы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы мен қаланың бес жылдығына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика