spot_img
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
0.2 C
Kokshetau

Президент: «Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар. Ел экономикасы өсіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер әлі де көп.

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазіргі таңдағы басты мәселе мынадай. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін.

Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады.

Қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек»

t.me/aqorda_resmi

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика