spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
12.9 C
Kokshetau

«Достар» мәдениет сарайының алаңы қайтадан жаңа жылдық қуанышты атмосфераға оранды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мереке алаңында ескі Жаңа жылға арналған қызықты ойындар мен эстафеталар өтті. Бұрыннан келе жатқан дәстүрлердің арқасында сақталған бұл ерекше мереке тұрғындарға отбасымен немесе достарымен тағы бір мәрте жиналуға, мерекені сезініп, қыстың қарлы ерекше күндерінде көңіл көтеруге тағы бір себеп береді.

Ұйымдастырушылар мерекелік бағдарламаны балалар мен олардың ата-аналары үшін керемет ұйымдастырып, қызықты өтуіне  барынша күш салды. Алаңды жарқын шамдар мен әсем шырша безендіріп,  мерекелік көңіл-күй мәдени ошақтың шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің тамаша концертімен жалғасты. Қыс пен Жаңа жыл туралы сүйікті әндер шырқалып,  ертегілердің  кейіпкерлері  қонақтармен ойындар ойнап, қызықты шеңбер жасап, биге тартты.

Балалар көңілді ойындар мен эстафеталарға белсене  қатысып, жүргізушілер дайындаған жұмбақтар мен ребустарды жарыса шешті. Мерекелік күнге ерекше қуаныш сыйлау үшін, белсенді қатысушыларға  сыйлықтар табыс етілді.

Мерекеге жиналған жұртшылық  қысқы ауа-райына қарамастан бұл күнді көңілді әрі тамаша өткізіп, керемет әсер алып,   жақсы эмоцияларға бөленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика