spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
-8.9 C
Kokshetau

Қазақстанда кәсіптік бағдар берудің жаңа тұжырымдамасы іске қосылады 

Сондай-ақ...оқыңыз

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылына» сәйкес іс-шаралар жоспары әзірленгенін хабарлады.

Ол Үкімет жанынан комиссия құрылғанын, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың жол картасы қабылданғанын, барлық 20 өңірде жұмысшы кәсіптерінің беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған жоспарлар бекітілгенін атап өтті.

Министр сонымен қатар осы жұмыс аясында кәсіби бағдар берудің жаңа тұжырымдамасы іске қосылатынын айтты.

Ол осы бағыттағы жұмысты жүйелі дамыту үшін өңірлердің кадрларға деген қажеттілігін ескере отырып, барлық облыста «Жаңа мамандықтар атласы» әзірленетініне тоқталды.
«Кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілдері оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушыларды толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Кәсіпорындар мен колледждердің ынтымақтастығы арқылы 1 мың мектепте бейіндік сыныптар ашылатыны атап өтілді. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады – Абзал Құспан

Елордада «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сарапшылар алаңы өтіп жатыр. Іс-шарада Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика