spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 4, 2024
-8.2 C
Kokshetau

Ісің ілгері баса берсін, туған ел!

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ:

«Елді газбен қамтамасыз ету де – өзекті мәселе. Тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту – Үкіметтің және ұлттық газ компаниясының басты міндеті. Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану қажет.
( «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан, 1 қыркүйек, 2023 жыл.)
—————————————

Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ:
————-
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға қойған басты міндет – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Бүгінде ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз еттік. Бұл біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Осы жылы өңірде 125 мың адамды қамти отырып, елді мекендерді газдандыру бойынша 12 жоба іске асырылуда!»-деп өңір басшысы елді мекендерді газбен жабдықтау басты міндеттердің бірі екендігін атап көрсетті.
*
Иә, іске сәт дейміз! Және де Ақмола облысының Аршалы ауданының «Жібек жолы» ауылына табиғи газ келгеніне қуанамыз!
Жалпы Қазақстанның солтүстік өңірлерінің елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ жылдардан бері сөз болып келе жатқаны бар. Кезінде сенатор ретінде осы мәселеге біз де Үкіметтің назарын аударту ниетімен, депутаттық сауал да жолдағанбыз.
Дегенмен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді табиғи газбен қамтамасыз ету жөнінде нақтылы тапсырма берілген соң, бұл маңызды іс ілгерілете бастағаны анық.
Мемлекет басшысының пәрменімен қолға алынған істің алғашқы жемісіндей, Астананың іргесіндегі «Жібек жолы» ауылына газ келді!
Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ қаншалықты қарбалас шаруаның арасында жүрсе де, өзінің елдің мүддесін кеңінен ойлап, кеңінен пішетін ғадетімен өңірді газдандыру мәселесін де назарынан қағыс қалдырмағаны анық.
« Біз халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға тиістіміз. Бұл Президентіміздің біздің алдымызға қойып отырған нақтылы міндеті. Ал,халық өмір сүру деңгейінің жақсарып келе жатқандығын, күнбе-күнгі өз тұрмыстарынан байқап, сезінулері керек»,- деген өз ұстанымын халықпен кездесуде де, әр жиын-жиналыстарда да алға тарта сөйлейтін Марат Мұратұлының өзі бас болып, алдағы уақытта тағы да және жыл соңына дейін ірі елді мекендерді газдандыру мақсатында 2000-нан астам ауланы газбен жабдықтау жүйесіне қосып, 6000-ға жуық үйлерге газ әкелетін болады.
«Газға қосылу – бұл тұрғындар үшін тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, елді мекендерді орнықты дамыту үшін жасалған маңызды қадам. «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың нақтылы тапсырмасына сәйкес үнемі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің әр өңірінде өмір сүру сапасын арттыру үшін жұмыс істейді», – деп атап өтті «QazaqGaz» Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Санжар ЖАРКЕШОВ.
Ауыл тұрғындарының үйлерін газға қосудың барлық шаралары жан-жақты терең ойластырылып отыр. Мысалы, Аршалы ауданында азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының үйлеріне газ жабдықтарын қосу және орнату шығындарын өтеу үшін көзделген біржолғы әлеуметтік көмек те бар.
Ауыл әкімдігінде ашылған сервистік орталық арқылы ауыл тұрғындары өз жайларын газға қосуды, тұрғын үйді рәсімдеуге және әлеуметтік көмек алуға қажетті барлық көмек түрлерін ала алады.
Газды өңірден тартылған магистральдік газ құбырының бойында орналасқан Ақмола облысының 16 елді мекендері газбен қамтамыз етілді. Бұл жобаға 8,9 миллиард теңге жұмсалды. Ендігі кезекте Целиноград ауданын газдандыру жоспарланып отыр.
ІСІМІЗ ІЛГЕРІ БАСА БЕРСІН! БОЛМАҒАНДЫ БОЛДЫРАМЫЗ, ТОЛМАҒАНДЫ ТОЛТЫРАМЫЗ!
ЕЛДІҢ БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСЫП, ЕҢБЕККЕ ДЕГЕН ҚҰЛШЫСЫНЫМЫЗ АРТА БЕРСІН!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаланың ірі өнеркәсіп орындары бос жұмыс орындарын ұсынуда

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ Көкшетау қ, солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 7-жол, 6-үй «ENKI» ЖШС және «ENKI...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img