spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 16, 2024
12.2 C
Kokshetau

Жетістікке апарар жол

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы (WSB)-2015, Қазақстан Республикасының жеті дүркін чемпионы, Қазақстанның 2018 жылғы үздік боксшысы – Жүсіпов Теміртас Берікұлының жастармен кездесуі өтті.

Аталмыш шараға қаламыздың ТжКБ және ЖОО студенттері, ұйымдастырушылар, «Республика» партиясының мүшелері, жас спортшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында шараның модераторы, облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы – Дастан Ермеков кейіпкермен жастарды таныстырып, сөз тізгінін спикерге ұстатты. Теміртас Берікұлы өзінің өмірбаяны мен жетістігі жөнінде сөз қозғап, жастардың барлық сұрақтарына сапалы жауап берді.

«Шыны керек, спортпен айналысу оңай шаруа емес, бұл спорттық қай түріне байланысты болса да әрқайсысының қиын жақтары баршылық. Дегенмен, спортқа келгеннен кейін жетістік пен жеңіске жетуді  армандайсың. Қазіргі таңда осы күнге дейін жеткен жетістіктеріме қарап қуанамын. Себебі еліміздің көк байрағын көк аспанға желбіретіп жүрген жас спортшылардың қаншама жас буындарға берер өнегесі мен спортқа деген қызығушылықтары күн сайын арта түсуде» – дейді Теміртас Жүсіпов.

Шара соңында спортшы жастарға ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Арнайы қонаққа келген жерлесімізге Ақмола облысы Ішкі саясат басқарма басшысы атынан алғыс хат табысталды.

Ізгі құрметпен, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img