spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
1.2 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

ҚОСШЫҒА ЕРІКСІЗ СҮЙСІНЕСІЗ!
САУЭРДЕ
БӘРІ ТӘУІР!
*********
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысының Қосшы қаласы мен Целиноград ауданындағы Родина ауылында болды.
——————————
СӨЗ БАСЫ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 26 шілде күнгі № 629 Жарлығымен Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылғанына небәрі үш жылдың жүзі ауды.
Қосшы – Қазақстанның ең жас қаласының бірі.
Үш жылда Қосшыда үлкен өзгерістер болды. Үш жылда негізгі капиталға 105 миллиард теңге жеке инвестиция салынды. 5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бір аусымда 100 адам қабылдай алатын емхана ашылды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов алдағы уақытта 1000 келушіге арналған 300 орынды көпсалалы аурухана салу мақсатында «VIAMEDIS» компаниясымен меморандум жасасып, бұл іс қолға алынды.
———————————-

«Балаларымыз әрқашан білімді болсын»!
Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиясымен танысқан Мемлекет басшысы осылай деді

Қосшы қаласындағы 1500 орындық бұл мектеп-гимназиясы
«Болат Өтемұратов қорының» есебінен салынған-ды. «Елде болса, ернің тиер» деген осы болар. «Жайлы мектеп» білім ошағында екі ауысыммен 2700 бала оқиды. 280 орындық акт залы, 360 орындық асхана, 2 спорт залы, информатика, химия, физика, биология, технология және музыка кабинеттері бар.
Мемлекет басшысы роботты техника, мобилография, автомобиль жүргізуді виртуалды үйрену, шет тілі кабинеттерін, мектеп кітапханасын аралап көріп, ұстаздармен және оқушылармен әңгімелесті
– Қазақстанның озық мемлекетке айналғанын қаласақ, осындай роботты техника сияқты бағыттарды үйрену керек. Бұл – өте қажет. Балаларымыз әрқашан білімді болсын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ұжымға сәттілік тілеп, мектепке өзінің «Әке туралы ой-толғау» кітабын және Қазақстанда шығарылған автобус сыйға тартты.

Өз басым Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әке туралы ой-толғау» кітабын оқып шығып «Қасым-Жомарт Кемелұлы үшін «халық» деген ұғым сана түйсігіне әуелі өз әкесі мен анасы болып берік қалыптасқандығын да айтар едім. Бүкіл ғұмырын өз ата-анасының сенімі мен сүйіспеншілігін ақтау үшін жұмсап келе жатқан Қасым-Жомарт Тоқаевтай перзенттің халқына адал қызмет жасап келгендігіне де, жасай беретіндігіне де күдіксіз де, күмәнсіз деп те қарауға жар болғандай»,-деп өз ойымды кезінде жазған болатынмын.
Президенттің бұл кітабы үлкен сый!
Оқыңыздар «Әке туралы ой-толғауды!», сүйсінесіздер!

*
Президент Қосшының инфрақұрылымын дамытуға,
газ құбырын тартуға айрықша мән беруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қосшы қаласының инфрақұрылымдық даму жоспары таныстырылды.
Қосшы қаласына 2021 жылы облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін тұрғындар саны 110 мың адамға жетті. 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй мен 45 әлеуметтік нысан салу жоспарланып отыр.
Соңғы екі жылда қалада үш мектеп пайдалануға берілді. Тағы бір мектеп құрылысы біткелі тұр. Алда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үш білім ошағын, сондай-ақ екі балабақша салынбақшы. Бір мемлекеттік емхана, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде екі емхана жұмыс істейді.
Мемлекет басшысы Қосшы қаласында құрылыс қарқын ала бастауына орай облыс әкімі Марат Ахметжановқа инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, газ құбырын тартуға айрықша мән беруді тапсырды.

Жартылай фабрикаттар
өндірісі дами түседі

Қосшы қаласында биыл іске қосылған «IL-TOV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс алаңын аралаған Президентке құс етін тереңдете өңдеп, тез дайындауға болатын түрлі тағамдар көрсетілді. Кәспорын өнімдері Қазақстанның ішкі нарығына да, Еуразия экономикалық одағына мүше елдерге де жіберіліеді.
Президент отандық тамақ өнеркәсібін дамыту маңызды екеніне тоқталып, мұндай кәсіпорындарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап көрсетті.

Президенттің
көңілінен шықты!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Целиноград ауданының Родина ауылындағы Мәдениет үйін аралады. Президентті «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр әлеуметтік жобаларын таныстырды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания Родина ауылының игілігіне 791 миллион теңге қаржы бөлген екен.
Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарымен жүздесті.
– Сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Ауылға арнайы келдім. Құрметті Иван Адамович Сауэрдің шаруашылығы жайында бұған дейін көп естіген болатынмын. Бірақ мұнда келіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысудың реті болмай жүр еді. Бұл – өте үлкен әрі барлық көрсеткіш бойынша үздік шаруашылық. Баршаңызға бақ-береке тілеймін, – деді Қасым-ЖомартТоқаев.
Агроқұрылымның №1 сауын цехы мен сүт зауытына барған Мемлекет басшысы «GEA» фирмасының «Елочка» қондырғысымен бір мезгілде 32 сиырды қатар сауатын жүйемен таныстырылды.
«Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр серіктестіктің сүтті мал шаруашылығын дамыту жоспары туралы баяндап, тағы да жаңа сауын цехы салынып жатқанын айтты.
Родина ауылындағы сүт зауыты заманауи қондырғылармен әрі озық еуропалық технологиямен жұмыс істейтін кәсіпорын. Сүт өнімдерінің бірнеше түрін шығарады. Президент зауыт жұмысшыларымен әңгімелесіп, «Родина» агрофирмасының үлгілі шаруашылық екенін айтып, жүйелі бұл жұмысты одан әрі жалғастыра беру қажеттігін айтты.
************
R.S. Әлқисса, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты жуырда ғана, яғни тамыздың 5-і күні (2024 жыл ) қабылдаса, сол тамыздың 16-ы күні (2024 жыл) арада он бір күн сала Мемлекет басшысы тағы да ат басын Ақмола облысына бұрды. Мемлекет басшысының елге деген ықыласы, өңір басшысы Марат Ахметжановқа деген сенімі осы болар бәлкім!

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img