spot_img
Жексенбі, Қазан 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында  сәулет-құрылыс бақылау жұмысы қалай жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

2024 жылдың 6 айында Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 58 жоспардан тыс тексеру жүргізген, анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы 41 нұсқама берілген, оның ішінде мемлекеттік объектілерде бар.

Бұл туралы «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшысы Бахидбек Оспанбеков баяндап берді.

Басқарма 74 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдаған.

Жобаға және құрылыс сапасына сәйкес келмегені үшін 12 мердігер ұйым және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын 2 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік тапсырыс объектілері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын тексерумен елеулі бұзушылықтар анықталды.

Ақмола облысы Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылында мәдениет үйінің құрылысы – обектісі бойынша.

Тексеру барысында құрылыс саласындағы бекітілген жобалық шешімдерден және мемлекеттік нормативтерден ауытқулар, атап айтқанда: конструктивтік бөліктегі ауытқулар, атқарушылық-техникалық құжаттаманы уақтылы жүргізбеу белгіленді.

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында су құбыры желілерін реконструкциялау объектісі бойынша.

Тексеру барысында құрылыс саласындағы бекітілген жобалық шешімдерден және мемлекеттік нормативтерден ауытқулар анықталды, атап айтқанда құбырларды монтаждау, құбырларды беріктігі мен герметикалығына сынаусыз, атқарушылық-техникалық құжаттаманы ресімдеусіз құбырларды кері толтыру жүргізіледі.

«Тексеру нәтижелері бойынша техникалық қадағалау ӘҚБтК-нің 317-1-бабы бойынша 900 мың теңгеден астам сомаға 250 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Бұйрық орындалуда»,-дейді спикер Оспанбеков.

2024 жылдың өткен кезеңінде жобалық, іздестіру қызметіне, сондай – ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына 72 лицензия берілген және қайта ресімделген.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img