spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 12, 2024
-6.4 C
Kokshetau

Ақмолалық спортшылар Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға 6 лицензия ұтып алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған ақмолалықтармен кездесіп, байрақты бәсекеден жеңіспен оралуларына тілектестігін білдірді, спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай сертификаттар табыс етті.

Төрт жылда бір рет бес құрлықтың спортшыларының басын қосатын жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да екі аптадай уақыт қалды. Биыл Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына Ақмола облысының бес спортшысы 6 лицензия ұтып алды. Бұл облыс тарихында алғаш рет орын алып отырған айтулы оқиға. Сонымен, биылғы жазғы Олимпиадада бокстан Карина Ибрагимова,  велоспорттан Андрей Чугай, паралимпиада ойындары бойынша парапауэрлифтингтен Давид Дегтяров, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден Әмір Мұратбеков сынды спорт шеберлері ел намысын қорғайды.

–Облыс спортшыларының 6 лицензия ұтып алғаны өте қуанышты жағдай. Сіздер еліміздің мақтанышысыздар. Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға қосып жатқан өлшеусіз үлестеріңізге алғыс білдіреміз. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, биіктен көрінесіздер деген ойдамын. Сіздерге барша ақмолалықтар атынан сенім артып, сәттілік тілеймін, –дей келе аймақ басшысы облыста аталған саланы дамыту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, олимпиадалық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлініп жатқанын тілге тиек етті.

–Біз облысымызда осындай мықты команда барын мақтан тұтамыз. Ел намысын қорғау – жауапты да абыройлы парыз. Сіздердің жеңіп алған лицензияларыңыз өздеріңіз бен жаттықтырушыларыңыздың еселі еңбегінің жемісі, –деді Марат Ахметжанов.

Дүбірлі додада еліміздің намысын қорғайтын спортшыларға үлкен сенім артып, ақжолтай тілегін жеткізген облыс әкімі оларға және  олардың жаттықтырушыларына ақшалай сертификаттар табыс етті. Спортшылардың әрқайсысына 2 миллион теңгенің, ал  олардың жаттықтырушыларына 500 мың теңгенің сертификаттары табысталды.

Естеріңізге сала кетсек, Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары ағымдағы жылдың 26 шілдесінде басталады. Онда спорттың 32 түрінен 329 медаль ойнатылады. Олардың 28-і олимпиадалық және 4-еуі қосымша – брейк, спорттық өрмелеу, скейтбординг, серфинг тәрізді спорт түрлері.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Асыл Мұра» жылдың үздік хореографиялық ұжымы атанды

14 желтоқсан күні "Достар" мәдениет сарайындаАқмола облысы мәдениет басқармасы жанындағыоблыстық халық шығармашылығы және мәденидемалыс орталығы ұйымдастырған "Жыл үздігі –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img