spot_img
Жұма, Шілде 19, 2024
13.7 C
Kokshetau

Биыл Ақмола облысында жолдарды салу және жөндеу бойынша 120 жоба іске асырылады деп жоспарлануда

Сондай-ақ...оқыңыз

Аймақтың көлік инфрақұрылымын жақсарту бастамаларына 60 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жалпы, 550 шақырымнан астам автомобиль жолдары жаңартылатын болады. Бұл ретте жолдарды жөндеу және салу сапасына ерекше назар аударылды.

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК облыстық филиалына негізгі міндеттер жүктелді. Бұл тек жол құрылысы жұмыстары мен материалдарының сапасын сараптау ғана емес, сондай-ақ автомобиль жолдарының жағдайын диагностикалау, жөндеу жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжаттамаларды ведомстволық сараптау және жергілікті атқарушы органдармен жолдардың сапасын жақсарту бойынша тығыз жұмыс жасау. Биыл «Щучинск-Степняк-Валиханово», «Щучинск-Николаевка», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» және басқа да автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жобалары жалғасуда. Ол жерлерде филиал инженерлері жол құрылысы материалдарының сапасын сараптаудан өткізіп, асфальтбетон жабындысының өзектік сынамаларын алады.

«Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша бізде 26 нысан бар. Ол жерлерге біз 38 мәрте шығып, тексердік. 96 жол құрылысы материалдарының сынамалары алынды, 92 үлгі біздің зертханамызда сараптамадан өтті. Сондай-ақ аздаған ақаулар мен ескертулер анықталды», – деп филиал директоры Талғат Қайратхан атап өтті.

Сапа тексерісінен аудандық маңызы бар жолдар да өтеді. Ол жерлерде ««Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК инженерлерінің бақылауында 26 нысан бар. Ол жерлерге 42 рет тексеру жасалып, 76 құрылыс материалдарының сынамасы алынды. 55 сынама зертханада сыналды. Кейбіреулеріне қатысты тапсырыс беруші мен мердігерге сәйкессіздіктерді жою туралы хаттар жолданды.

«Ішкі ауылдық жолдар мен елді мекендердің көше-жол желілерінің маңызы зор. Олар бойынша 72 жөндеу жобасы іске асырылып жатыр. Сондықтан инженерлер ол жерлерге 120-дан астам тексеру жұмыстарымен шығып, жол құрылысы материалдарының 220-ға жуық сынамаларын алды. Олардың барлығы сараптамадан өтті. Сонымен қатар, сапаны бақылау шараларына қоғам белсенділері мен жергілікті халықты тартудамыз. Жолдарды жөндеу учаскелеріне шығуларды «Әділдік Жолы» қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірге, бей-жай қарамайтын азаматтардың өтініштері бойынша ұйымдастырамыз», – деп Талғат Қайратхан атап өтті.

Жалпы, жол қызметкерлері атап өткендей, техникалық қадағалау тарапынан жол құрылысы жұмыстарының барысын бақылауды күшейту қажет. Дәл сол техникалық қадағалау инженерлері объектіде үнемі болуға тиіс. Оның іске асырылуынан бастап, толық пайдалануға берілгенге дейін және тапсырыс берушіге анықталған ақаулар мен бұзушылықтар туралы уақытылы хабарлап отыруы қажет.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда Жылу электр орталығының құрылысы 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, Көкшетау қаласында салынатын жылу электр орталығының жобасын іске асыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img