spot_img
Бейсенбі, Тамыз 27, 2026
20.2 C
Kokshetau

Көкшетаудың жас бишілері халықаралық байқауда бірінші орынды иеленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана қаласында балалар, жасөспірімдер және жастар шығармашылығының «Балалық шақ мерекесі» атты халықаралық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты-заманауи шығармашылықты дамытуға жәрдемдесу, дарынды балалар мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, балалармен үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау.

Байқауға 75 шығармашылық ұжым қатысты.

Жас қатысушылардың шеберлігі келесі критерийлер бойынша бағаланды: орындаушылық шеберлік, сахналық шеберлік, әртістігі,  байқауға ұсынылған шығармашылық нөмірдің көркемдік  ашылуы.

Көкшетау қаласынан байқауда «Достар» мәдениет сарайында Найли Кадолконың жетекшілігімен «Інжу» би ұжымы өнер көрсетті.

Біздің өнерпаздардың өнеріне қазылар алқасы жоғары баға берді.«Халық биі» номинациясында ансамбльдің үлкендер тобы жүлделі бірінші орынды, кіші топ екінші орынды иеленді.

Жас бишілер үйлеріне кубок, алғыс хат,медальдармен оралды. Марапаттарыңызбен құттықтаймыз !!!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Артық тәуекелсіз рентген

Рентгенологиялық зерттеулер заманауи диагностикада маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен дәрігерлер сынықтарды, өкпе ауруларын және басқа да патологиялық өзгерістерді жылдам...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика