spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Ақмолалық триатлоншылар Азия Кубогында екі алтын медаль жеңіп алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңында көрікті Бурабай баурайында триатлоннан Азия кубогы ұйымдастырылып, онда ақмолалық спортшылар 6 медаль қанжығалады.  

Триатлоннан өткен Азия кубогында жасөспірім, ересек және ардагер атлеттер өз санаттары бойынша жарысқа түсіп, бақтары мен баптарын сынады. Онда Қытай, Өзбекстан, Гонконг, Мысыр, Германия, Чехия, Бермуд, Ирландия, Зимбабве, Того, Маврики секілді 12 мемлекеттен келген атлеттер спорт жанкүйерлерінің жалпы назарын өздеріне аударып, үш түрлі кезең бойынша жарысты. Тәртіп бойынша олар Бурабай көлінің ашық айдынында 1,5 шақырым аралықты жүзіп өтіп, 40 шақырым жолды велосипедпен еңсерді және 10 шақырымға созылған аралықта көл жағалауының бойымен жүгірді.

Сонымен, бірнеше мемлекеттің тәжірибелі спортшылары қатысқан байрақты бәсекеде ақмолалық спортшылар 6 медаль жеңіп алды. Солардың ішінде әсіресе, жасөспірімдер арасында өткен додада бірінші орынды иеленген Савет Алмас пен Никита Дубинскийдің жеңістері ерекше құрметке лайықты. Олар жарыста сөреден бастап, мәреге дейін қарқынды қимылдап, жақсы өнер көрсете білді. Барлық аралықтағы қашықтықты жеңіске деген құмарлықпен және тез шешім қабылдау арқылы еңсеріп, дайындықтарының арқасында мәреге алғашқы болып жетті. Осылайша, бұл екі жігіт жеңіс тұғырын бағындырды.

Сонымен бірге, аталмыш додада Артем Бедрин мен Юлиана Петрова күміс, Анель Исабаева мен Арина Давыдова қола жүлдегер атанды.

Спортшыларымызға әрдайым байрақты бәсекелерпде намысты қолдан бермей, осылай жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілекшіміз.

Махаббат БОЛЬШИНА,

спорт журналисі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img