spot_img
Жексенбі, Маусым 16, 2024
25.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 120 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Оқушылардың жазғы демалысы мен сауығуын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның және ата-аналар қоғамының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Оқушылардың жазғы демалысын сапалы және қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында Ақмола облысы әкімдігінің жанынан облыстық штаб құрылды. Ай сайын оқушылардың демалыс объектілеріне баратын ведомствоаралық мониторингтік топ та құрылды.

–Облыс аумағында барлығы 20 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде республикалық маңызы бар «Балдәурен» оқыту-сауықтыру орталығы, Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы білім басқармаларының ведомствосындағы 4 лагерь, 7 жеке меншік лагерь және облыстың коммуналдық меншігіндегі 8 лагерь, – деді брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин.

Облыста жеке қала сыртындағы лагерьлер желісі дамуда. Ағымдағы жылдың маусым айында Целиноград ауданының Қоянды ауылында жобалық қуаты бір маусымда 350 баланы қамтитын «Астана кэмп» жаңа жеке меншік лагерін ашу жоспарланған.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, лагерьлерде алдағы демалыста  шамамен 14 500 бала демалатын болады.

Қауіпсіздік мақсатында лагерьлердің орналасқан аумағына учаскелік инспекторлар күнделікті барып, тексеріп отырады. Ауысым өткізу кезеңінде оқушылармен ТЖД және ПД қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік және жеке лагерьлердің қызметкерлері мен педагогикалық кадрлары жеке бас тарихында құқық бұзушылығының жоқтығына тексеріліп жатыр.

Лагерьлердің барлық өкілдеріне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, төтенше жағдайлар департаменттері қауіпсіздік шаралары туралы семинарлар өткізді.

Оқушылардың сапалы демалысын ұйымдастыру, ең алдымен, лагерьлер мен қала орталықтарының инфрақұрылымына байланысты. Биыл ақмолалық 2 лагерьді жаңғыртуға облыс бюджетінен 314,6 миллион теңге бөлінді.

Қала сыртындағы лагерьлерден тыс, қосымша 488 мектепте  шамамен 76 мың баланың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары қолға алынды. Оларда тамақтанатын және тамақтанбайтын мектеп жанындағы жазғы алаңдар жұмыс істейтін болады.

Жаз бойы 7 мыңға жуық баланың қатысуымен жазғы демалыстың (шатыр, киіз үй, археологиялық лагерьлер) 49 аз шығынды нысанын ашу жоспарланған.

«Тәуекел тобындағы» 18 868 мың ақмолалық оқушы бірінші кезекте демалыс пен сауықтырумен қамтылатын болады.

Қала сыртындағы тегін демалыспен 3 мыңға жуық оқушы қамтамасыз етіледі. «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін жолдама сатып алуға шамамен 121,5 миллион теңге қарастырылуда. Ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушыларына арналған лагерьлерге 1005 жолдаманы «Қазақстан халқына» қоры ұсынып отыр.

Осылайша, сауықтыру мен демалыстың барлық түрлерімен 120 мыңнан астам бала қамтылатын болады, ол өткен жылғы көрсеткіштен әлдеқайда артық.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақ халатты абзал жандар мерейі

Ең қастерлі мамандық иесі – медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған салтанатты жиында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтау сөз сөйлеп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img