spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 4, 2025
0.2 C
Kokshetau

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті.

Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара барысында мектеп бітіруші түлектер бір мезгілде білім ордасының ауласына немесе көше бойына көшет отырғызу тиіс-ті. Облыстың бас ұстазы Шоқан Оразалин Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның түлектерімен бірге көшет отырғызуға қатысып, жас ұрпаққа игі тілектерін арнады.

–Бүгінгі челлендж түлектер арасында жақсы дәстүрге айналады деп ойлаймын. Сіздерге  табыс тілеймін. Өз күштеріңізге сеніңіздер, мақсаттарыңызға жетіп ең батыл жобаларды жүзеге асырыңыздар. Алдарыңызда тұрған мемлекеттік емтихандарды, 11 сыныптың түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсыруларыңызға тілектеспін.  Сіздердің нәтижелеріңіз лайықты болатынына сенімдімін, – деді облыстық білім басқармасының басшысы.

 

Челлендж білім алушылардың еңбегі мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын қалыптастыруға, оқушыларды экологиялық мәдениетке баулуға бағытталған.

–«Таза Қазақстан» акциясы аясында түлектердің артынан із қалдырып көшет отырғызу керемет мүмкіндік. Теқ қана артымыздан із қалдыру ғана емес, ауаны тазартуға үлес қосудамыз. Болашақта тәртіп пен тазалықты сақтау қазақстандықтардың басты дағдысына айналатынына сенімдімін, – деп өз ойымен бөлісті М.Ғабдуллин атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының түлегі Диас Ақылбай.

Айта кетейік, біздің облыста 17612 түлек, оның ішінде 11 сыныптың 5024 оқушысы және 9 сыныптың 12588 оқушысы бар.

Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алғашқы Жарлығым ауылды дамытуға арналды

«Ауыл – төл өркениетіміздің алтын қазығы. Ауылды өркендету – баршаға ортақ парыз. Мемлекет бұл мәселеге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Өздеріңіз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика