spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-6.4 C
Kokshetau

Көкшетауда «Сәлем» халықаралық комедия фестивалі өтіп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен сері Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына орай Көкше төрінде ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Сәлем» комедиялық театр фестивалінің салтанатты ашылуы болып өтті.  Фестиваль қатысушыларына облыс әкімі Марат Ахметжановтың  атынан ықылас гүлі табыс етілді.

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры ұйымдастырған бұл комедия фестиваліне қазақстандық театрлармен бірге,Түркия, Әзірбайжан мемлекеттерінің өнер ұжымдары қатысып, өзара тәжірибе алмасуда.

Фестивальдің салтанатты ашылуы алдында баспасөз мәслихаты өткізіліп, Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиал директоры, ақын, жазушы Ерболат Баятұлы баяндама жасап, Сәкен сері туралы ой, пікірлерімен бөлісіп, қызықты деректерді ортаға салды. Сондай-ақ, салтанатты шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, фестивалға келгендерге сәттілік тіледі.

Халықаралық ІІ «Сәлем» комедиялық театр фестивалінің мақсаты – барша түркі халықтарының бірлігін сақтап, нығайту. Оның 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылуы да сондықтан. Сонымен бірге, елімізде төтенше жағдай орын алды. Содан күйзелген, теперіш көрген жергілікті Көкше халқын рухани сусындандырып, жігерлендіру мақсатында жасалып отыр. Келген 8 театр әр түрлі аталымдар бойынша бақ сынайды. Басты ерекшелік комедия жанрында. Комедия деген жанр өзекті, өткіржанр. Қоғамдағы түйткілді мәслелерді, астарлы дүниелерді комедия өзінің жанрлық сипатына сай ашып бере алады, –деді Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі Нұрислам Әбділ.

Фестивальді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана Мюзикл» мемлекеттік театры ашты. Олар ең үздік ағылшын комедияларының тізіміне енген драматург Рэй Кунидің «№13» комедиясын сахналап, көрерменді күлкіге қарық қылды. Әлемнің жүздеген елінде сахналанып, көрермен қошеметіне бөленіп келе жатқанына жарты ғасырлық ғұмыры бар қойылымды көкшеліктер де жақсы қабылдады.  Бұл күні залда ине шаншар жер болмады.

Мюзикл жанрында ұсынылған комедияның қоюшы режиссері – Есләм Нұртазин. Оқиға қонақ үйдегі «№13» бөлмеде өрбіп, әрі қызықты, әрі келеңсіз жайттарға ұласады. Мансапқор азаматтың шым-шытырыққа толы оқиғалары, әдемі әзілі кеш көрермендерін бір серпілтті десе болады.

–Бұл спектакль біздің театрдың да сахнасында да жүреді. Біздің сахна да  Мақсат Сәбитов, Ербол Садырбаев деген актерлер ойнайды. Таң-тамаша болдық. Жас балалардың әрқайсысының пластикасы, ән айтуы бөлек. Болып жатқан оқиғаны әнмен, пластикалық қимылдармен ұштастырған. Жақсы, әсерлі қойылым болып, фестиваль шымылдығын осылайша әдемі ашты, –деді фестиваль сарапшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Жомарт Зейнәбіл.

Келесі күні көкшелік көрермен Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұсынған «Тойы көп үй», Әзербайжан Мемлекеттік «Пантомим» театрының «Последний штрих», С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының «Үйлену» комедияларын тамашалады.

Фестиваль 4 мамыр күні қорытындыланып, жабылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Асыл Мұра» жылдың үздік хореографиялық ұжымы атанды

14 желтоқсан күні "Достар" мәдениет сарайындаАқмола облысы мәдениет басқармасы жанындағыоблыстық халық шығармашылығы және мәденидемалыс орталығы ұйымдастырған "Жыл үздігі –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img