spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Материалдық залал заң шеңберінде өтеледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Марат Ахметжанов өткен жексенбіде арнасынан асып, қайта таси бастаған Қылшақты өзенінің эпицентріне барды. Өзеннің су деңгейі ауық-ауық екі метрге дейін көтерілуде. Деңгейі әрі кеткенде 1,2 метрге жеткенде, ол арнасынан тасып, жағалауын су басуда. Бүгінде өзен аумағында ауқымды іс-шаралар жүргізілуде, бірақ батпақты жерлерде жұмыс істеу қиын, себебі арнайы техника батып кете жаздайды. Дегенмен, қазіргі уақытта облыс орталығындағы су тасқыны біршама тұрақталса да, жағдай бақылауда.  

–Кенесары, Ивановск су бөгеттері, Шағалалы, Қылшақты өзендері және Қопа көлі – өзара байланысқан су кешені. Қазір көл суға толған, Шағалалыдан су ағыны әлі де тасқындап келіп жатыр. Өкінішке орай, теміржол саяжайлары су астында қалды, судың мұншалықты көп мөлшерін басқа ешқайда бұра алмайтындықтан, саяжай иелеріне алдын ала ескертілді, – деп түсіндірді мән-жайды Марат Ахметжанов.

Облыс әкімі вокзал маңы  мен №12 жалпы білім беретін мектептің аумағындағы су басатын аймақтарды да тексерді. Қазір мұнда Қылшақты өзенінің Застанционный шағын ауданына баратын жолдағы көпірден басталатын арнасынан Ғабдуллин көшесіндегі көпірге қарай ағызу  бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Онда жасалып жатқан қорғаныс білігінің биіктігі үш метрді, ал ені алты метрді құрайды.

– Су тасқыны жұмыс жоспарын мүлде өзгертті. Жобалық-сметалық құжаттардың ескі нұсқаларын ескере отырып, енді біз су тасқынын болдырмау мәселесін біржола шешуді жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Марат Мұратұлы. – Ең алдымен, алдағы жылдары да су тасқынын болдырмау үшін өзеннің арнасын жабдықтап, қорғаныс білігін нығайтамыз. Содан кейін біз бүкіл жағалауды бір стильде абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Орыс халқында: «бақыт болмас еді, бірақ бақытсыздық көмектесті» деген сөз бар екен. Өткен жылы осы ескі жоспарлар жүзеге асырылған болса, қазір сол бойынша салынған барлық құрылыстар суға кетіп, бар ақша желге ұшар еді. Ең бастысы, тұрғындардың қауіпсіздігі: Жанділдин және Вернадский көшелеріндегі жеке секторда орналасқан тұрғын үйлер сырылып, жаңа көпқабатты үйлер тұрғызылады. Себебі, халық өздерін көшіруді сұрап отыр.

Облыс әкімі Қылшақты өзенінің бойындағы және облыс орталығының басқа да аудандарындағы тұрғын үйлер мен көшелерін су басу мәселесін біржола шешіп, жабу қажеттігін атап өтті. Өзен жағасында алдағы уақытта демалыс аймақтарын, балалар мен спорт алаңдарын салып, жаяу жүргіншілер мен веложолдарды жабдықтау арқылы қаланың келбетін өзгерту көзделіпті.

Биыл облыстық бюджеттен су тасқынынан зардап шеккендер мен әлеуметтік осал санаттағы адамдар үшін 840 пәтер сатып алынбақшы. 500-ге жуық пәтер облыс орталығынан алынса, қалғандары аудандарда қарастырылған. Бұл мақсатқа 12 миллиард теңге  көзделген. Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залал да толық көлемде өтелуі қажет.

–Барлық мәселені арнайы комиссия шешеді. Мен халықтың игілігі үшін деп өз өкілеттілігімнен аса алмаймын, барлығы заң шеңберінде болуы керек. Естеріңізге сала кетейін, аудандарда 2019 жылдан бері жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлер салынуда, сонымен бірге 2013 жылдан бері жұмысы тоқтап қалған нысандар да бар, олардың барлығын аяқтап, одан әрі дамытамыз, – деді Марат Ахметжанов.

Журналистермен әңгіме барысында өңір басшысы егіс науқанына да тоқталып өтті.

– Егін науқаны жақындап қалды, бұл бағыттағы жұмысты да ойдағыдай атқаруымыз керек. Бюджетті оңтайландыру арқылы шамамен 20 милиард теңге көзделіп отыр. Өңіріміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге облыстық бюджеттен жеңілдікпен несие беруді жоспарлап отырмыз, оның 10 пайызын әкімдіктер өтейтін болады. Ақшаны мақсатына қарай пайдалануды талап етеміз. Мәселен, егін өнімділігін арттыру үшін жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, сапалы тыңайтқыштар себу қажет, – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, облыс әкімі ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап қоғамдық бақылау туралы заң заңды күшіне енгенін алға тартты. «Адамдардың пікірлерін қарап, ескеретін комиссия құрылады және мен сол арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенемін», – деп түйіндеді сөзін Марат Мұратұлы.

Вероника БУРДА,

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img