spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.7 C
Kokshetau

Наурызнама бастауы – Көрісу күні

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек» деп айтқан еді.

14 наурыз – «Көрісу күні» – «Амал» мерекесі дәстүр бойынша көршілерге сәлем беретін уақыт. Биыл Ақмола облысында Амал мерекесі ерекше тойлануда.

Бұл күні алғаш рет Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысының мәдениет майталмандары, мәдениет қайраткерлері ұзақ қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен сәлемдесті.

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Әдемі-ау» би ансамблі, солистері Ғалымжан Нұрпейісов, Еркебұлан Карипов және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблі ұжымдары облыс шекарасы аумағында кездесу өткізді.

Татулық пен бауырмалдыққа шақыратын тағылымы мол мерекеде Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мен Солтүстік Қазақстан мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Әубәкіров жұртшылықты Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күнімен құттықтады.

–Біздің еліміз үшін достық пен ынтымақты үлгі ететін осындай жарқын мерекенің маңызы зор. Сондықтан бүгінгі шарада барша қазақстандықтарды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын,– деді Айгүл Баубекқызы.

Амал мерекесінде қос филармонияның өнер ұжымдары төс қағыстыра амандасып, қауышып, әдет-ғұрыпқа сай шашу шашты. Өнерпаздар дархан даланы ән мен жырға бөлеп, айналасына ерекше көңіл-күй сыйлады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img