spot_img
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
30.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 1500 жасөспірім спорттық каратэмен айналысады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда спорттық каратэден қалалық чемпионат өтіп, оған 3 пен 18 жас аралығындағы 153 спортшы қатысты. Бұл спорт түрінің жастар арасында танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бүгінде Ақмола облысында 1500 бала спорттық каратэмен айналысады.

– Каратэ балаларда икемділікті, қозғалыстарды үйлестіруді, күш пен төзімділікті дамытады. Каратэ – бұл жай ғана спорт емес, ол баланың сенімді әрі тәуелсіз болуына көмектесетін өзін-өзі қорғау жүйесі», – дейді Қазақстан Республикасы Каратэ спорты федерациясының президенті Руслан Дүкембаев.

Екі күн бойы әртүрлі жас санатындағы спортшылар жеңіс үшін күресті.

Байқауға қатысушыларды Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Уразбаева құттықтады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табыс етті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Жасыл ел» еңбек маусымы ресми түрде ашылды

Ақмола облысында жастардың қатысуымен өтетін ең ірі экологиялық әрі еңбекке баулу жобасы – «Жасыл ел» бағдарламасының еңбек маусымы ресми...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика