spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ағылшын тілін үйрену үшін 3D текшесін пайдаланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық оқушы ағылшын тіліндегі сөздерді жылдам үйрену үшін 3D текшелерді пайдалануға болатынын көрсетті.

Арнайы қосымша арқылы текшелерге жан бітіріп, ондағы бейнелер сөйлейді. Бұл функционалдық сауаттылық пен ақпараттық-коммуникациялық технология екеуі ұштасқан жоба болып табылады.

Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Бейбарыс Райхан «Ағылшын тіліндегі сленг сөздерін үйрену кезінде оқушылардың инновациялық технологияларды қолдануы» тақырыбында ғылыми жобаны қорғады.

3D текше – функционалдық сауаттылыққа негізделген,  оқушылар көріп, қолмен ұстайтын, сезініп, тапсырмаларды орындайтын, моторикаларын дамытатын таптырмас құрал. Осыған орайластырып жасалған  жобаны Бейбарыс сыныптастарына көрсеткен кезде олардың эмоциялары керемет болды.

–Бейбарыстың сыныптастары ағылшын тілі сабағында сөйлеуге қорқатын, сөздік қоры аз, ойын жеткізуде біршама қиналатын. Сол себепті балаларды ағылшын тілінде еркін сөйлетуге, өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жеткізу үшін біз Бейбарыс екеуіміз ойлана келе, осы ғылыми жобаны қолға алдық»,- дейді жоба жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақбота Аманжол.

Жұмыс нәтижесінде Бейбарыс «Зерде» ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде «Ағылшын тілі» секциясы бойынша 3 орынға ие болыпты.

Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img