spot_img
Сейсенбі, Қазан 8, 2024
18.2 C
Kokshetau

Инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Инклюзивті білім беру мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қорғаудың өзекті мәселелері Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында жан-жақты қаралды.

Комиссия төрайымы Айнагүл Балташева бұл тақырыпты талқылау бойынша кездесуді көптен бері жоспарлаған болатын. Отырысқа дайындық барысында депутаттар алдымен түрлі психикалық және дене бітімінде ерекшілігі бар балаларды оқытатын бірқатар арнайы оқу орындары мен үкіметтік емес ұйымдарына ат басын тіреп, ондағы жағдайды өз көздерімен көріп қайтқан.

Өңірде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаудың қорытындылары мен жоспарлары жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин баяндаса, мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы жұмыстардың жай-күйі туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еран Мұхамедин айтып берді.

Комиссия отырысында халық қалаулылары көптеген мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын алға тартты. Депутат Нұртас Ахат Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде үш жыл бұрын «логопедия» мамандығы ашылғанын хабарлады.  Оны ашу қажеттілігі –өсіп келе жатқан ерекше оқу жағдайларын талап ететін балалар санының көбеюінен, сондай-ақ кадрлардың тапшылығына байланысты туған. Бұл орайда, колледж еліміздегі жетекші бейінді жоғары оқу орындарымен ынтымақтаса жұмыс істейді. Ақыл-ой кемістігі бар балалар үнемі сүйемелдеуді қажет ететіндіктен, қазір мектептерде инклюзия бойынша педагог-ассистенттер жұмыс істейді, демек, колледждер мен жоғары оқу орындарында жаңа жеке мамандық ашу қажеттілігі бар.

Ал, халық қалаулысы Құралай Жұмабекова арнайы түзету мекемелерінің жұмыс сапасына назар аударуды сұрады. Атап айтқанда, психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Сыйымдылығы аз үй» пилоттық жобасын іске асыру сапасына қатысты шағымдар бар екен.

Депутат Сұлтанбек Бекешев жоғарыда аталған мамандықтар бойынша гранттар санына, сондай-ақ түлектердің дефектологтар мен арнайы педагогтарға қызығушылық танытпаудың себептерін анықтады. Талқылау барысында кадр тапшылығының негізгі себебі – жалақының төмендігі және ерекше балалармен жұмыс істеудің қиындығы деп түсіндірілді. Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов: «мемлекеттік деңгейде осы салада жұмыс істейтін мамандарды ынталандыру шараларын ойластыру қажет» деді.

Кездесуді қорытындылай келе, тұрақты комиссия төрайымы Айнагүл Балташева жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. Е. Мұхамединге мәслихат сұранысына жауапкершілікпен дайындалуды ескертті, өйткені депутаттардың көптеген сұрақтарына нақты жауаптар берілмеді. Осыған байланысты әлеуметтік қорғау саласындағы ең өзекті мәселелерді қарау үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Барлық айтылған мәселелер мен ұсыныстар негізінде отырыс қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындалады, ұсынымдар шығарылады.

Қарлыға Мұқатаева,

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img