spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
3.1 C
Kokshetau

«Жастар керуені» – Семей қаласына саяхат

Сондай-ақ...оқыңыз

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдықтарын іске асыру аясында ақмолалық жастарды Қазақстанның мәдени шаһарларының бірі – Семей қаласының тарихи нысандарымен таныстыруды көздейтін «Жастар керуені» жобасы іске асырылды.

Жобаның мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдықтарын іске асыру, жастардың бойында отансүйгіштік сезімдерді дамыту, өңірлердегі жастар мен жасөспірімдерді республиканың киелі, туристік әлеуеті зор жерлерімен таныстыру. Жобаға қатысқан делегация құрамы Ақмола облысының жастар ұйымдарының көшбасшылары, белсенділері мен волонтерлерден және жастармен тікелей жұмыс атқаратын мекеме қызметкерлерінен тұрды. Аталмыш шараны Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы қолдап, ұйымдастырды.

–Семей шаһары мен осы өлкенің біз басқан топырағы, кең даласы тарихтың тереңінде жатыр. Тәуелсіздік жылдарында бұл өңірде сакралды аймақтар жақсы дамыған.Экспедиция барысында М.Әуезовтің мұражайы, Жидебайдағы Абайдың мұражай үйі, Шәкәрімнің мұражай үйі, М.Әуезовтің Бөрілідегі мұражай үйі, Әйгілі Неврозовтар отбасы мұражайын араладық. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды қазақтың алыптары туған өлкеде Алаштың тарихы сіңген Шыңғыстау әрқайсымыз бұрыннан білетін Еңлік пен Кебектің бастан кешкен мейірімсіз махаббаттары өткен жерлердің қадір-қасиетіне бойлатты. Жергілікті облыстық, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен мамандары өңірді аралауға өз көмектерін тигізді. Абай облысы өзінің тарихи-сакралды ескерткіштерімен, мәдени келбетімен ерекшелене отырып, біздің таң қалдырды, –дейді өз сөзінде жоба қатысушысы, өңірлік «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманы Дидар Хамзин.

Семей «Қазақстанның тарихи орталығы» деген ерекше мәртебеге ие. Қала еліміздің мәдени астанасы болып саналады, өйткені, оның көптеген тұрғындары қазақ мәдениеті мен өнерінің негізін салушылар болып табылады.

Сонымен, бұл рухани сапар қатысушыларға не берді? Енді осыған келсек, олар осы сапармен ел, жер тану тұрғысында өздерінің азаматтық парыздарының бірін орындағандай сезінді. Еліміздегі тарихы терең осындай әсем мекенді аралап, ұлы ақын-жазушыларымыздың туып-өскен үйлерінде болып, олардың жеке қолданған заттарын көріп, сан алуан жағымды көңіл-күйге бөленді.

Сөйтіп, мазмұнды да мағыналы бұл сапар әр жүректе өзінің тартымдылығы, танымдық тұстарымен ұзақ сақталатын болды.

Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының
баспасөз қызметкері

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img