spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-6.8 C
Kokshetau

Төтенше жағдайлар қызметінің мереке күндері атқарған жұмыстары қорытындыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа жылдық мерекелер кезінде облыс аумағында атқарылған қауіпсіздік жұмыстарының қорытындысын облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке айтып берді.  

Жаңа жылды мерекелеу кезеңінде, яғни 2023 жылғы 20 желтоқсаннан 2024 жылғы 2 қаңтарға дейінгі аралықта облыс аумағында 39 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 39,3 пайызға артқандығын байқатады. Алдыңғы жылғы көрсеткіш бойынша 28 өрт тіркелген болатын. Өрттің пайда болуының себептеріне тоқталсақ, 18 жағдайда жылу құрылғысын және пешті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан орын алса, 13-і электр құрылғыларын монтаждау мен техникалық пайдаланудың бұзушылықтарынан, 8-і адами фактор негізінен болған.

–Өткен жылдың 20-31 желтоқсаны аралығында төтенше жағдайлар қызметінің бақылауына жаңа жылдық мерекелер ұйымдастырылатын 544 нысан алынды. Олардың 446-сы білім беру мекемелері болса, 34-і мәдениет үйлері, 6-уы ойын-сауық орталықтары болса, 3-еуі балалар үйі, 14 орталық алаң мен 41 дәмхана, мейрамхана.  Нысандарға тексеру барысында 154 өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу фактісі анықталып, бірден орнында қалпына келтірілді, –деді ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Дәлешов.

Баяндамашының мәлімдеуінше,   «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы аясында төтенше жағдайлар қызметі полиция департаментінің құрылымдарымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдерді сақтайтын және жүзеге асыратын орындарға 105 рейд өткізіпті. Тексеріс нәтижесінде 67 хаттама толтырылып, 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған және 134 дана пиротехникалық зат тәркіленген.

– Жаңа жылдық іс-шаралардың қауіпсіз өтуі және облыс аумағында төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті кезекшілікке 138 қызметкерді жұмылдырды, –деді Думан Дәлешов.

Ал, Ақмола облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділбек Қапышев өз қызметтері аясында келесіні баяндады.

–ТЖД авариялық-құтқару жұмыстарына жол талғамайтын 80 техника мен Аршалы, Бұланды, Жақсы аудандарының жол бойында 3 медициналық-құтқару бекетін әзірледі, соңғылары шұғыл жағдайларда жылыту орындары ретінде пайдаланылды.  Жалпы, ағымдағы жылы азаматтарды уақытша қабылдау үшін облыс аумағында 268 жылыту бекеті, оның 92-сі республикалық маңызды жолдар бойында орнасқан, және 213 тамақтану орындары іске қосылды, –деді.

Мереке күндері Аршалы ауданының Ольгинка ауылынан жылқы іздеуге шыққан 2 адам жоғалып, төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе жүргізген жұмыстары нәтижесінде 4 сағаттан соң Тургень ауылынан 15 шақырым жерден табылған.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ауа райының қолайсыздығына орай, жергілікті полиция және төтенше жағдайлар қызметтері 19 автоколоннаны, яғни 7 мыңнан астам автокөлікті сүйемелдеп, жолаушыларды бетке алған мекендеріне жеткізді.

Сөз соңында Әділбек Қуанышбекұлы облыс тұрғындарына жол жүруді жоспарлайтын болса, ауа райының болжамына сүйенуді, 112 хабарламаларына бей-жай қарамауды, қолайсыз ауа райы болса, жол жүруді басқа күндерге қалдыруды өтінді. Қыс мезгілінде жеңіл автокөліктерден гөрі, теміржол көліктерімен қатынаған дұрыстығын алға тартты.

–Сонымен бірге, автокөлік иелері жол шыққанда қысқы уақытта шұғыл жағдайларда қажет болатын қыздырғыш лампа, трост, күрек, канистрге құйылған бензин, сіріңке, майшам, термосқа құйылған ыстық шай, азын-аулақ азық-түлік пен жылы киімдер салып жүруге кеңес беремін, –деді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img