spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2024 жылдан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістері туралы және Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі туралы брифинг өтті.
Департаменттің қызметкерлері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, арнаулы салық режимінде (бөлшек сауда салығына) 2024 жылдан күшіне енетін басқа да өзгерістермен таныстырды.
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны: – заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары; – жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы кажет.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан). Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде – «салық төлеуші кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкіметтің» порталы (egov.kz), сондай-ақ esalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұл декларацияны екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Салық төлеуші ​​Декларацияны толтырмас бұрын уәкілетті органдардың интернет-ресурстарына өз бетінше кіріп, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу арқылы декларацияланатын мәліметтердің дұрыстығын тексере алады. Шара сұрақ-жауап форматында өтті және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық өнімдері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
Шара барысында кәсіпкерлік қызметтегі мобильді аударымдар бойынша түсіндірмелер берілді

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img