Дене шынықтыру мұғалімі Виктор Попов ширек ғасырдан артық уақыт Қорғалжын ауданы Сабынды ауылының балаларына қуаныш сыйлап жүр. 30 жыл Үсенов атындағы Сабынды ауылының жалпы білім беретін мектебінде Виктор Викторовичтің «Аяз Атасының» қатысуынсыз бірде-бір жаңа жылдық ертеңгілігі өтпейді.

Виктор Попов – осы ауылдың тумасы. Мұнда оқуын аяқтап, 1995 жылы туған мектебіне дене шынықтыру мұғалімі ретінде оралды.

«Мектепте оқығанда маған биология ұнайтын. Әрқашан мұғалімім Құсайынова Мара Кинаятқызына сабаққа дайындалуға көмектесетінмін. Менің ойымша, бұл мамандыққа деген сүйіспеншілік бала кезімнен басталды, сондықтан мен мектепте жұмыс істей бастадым» – деп ұстаз өз әңгімесін бастады.

Виктор Викторович жұбайы Данамен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Олардың үлкені Назым жақында жаңа отбасын тапты.

Виктор Викторович ұжымда өте беделді педагог. Әріптестер ол туралы еңбекқор, ақкөңіл және шығармашылығы мол маман ретінде пікірлерін білдіреді. Мұғалім қазақ тілінде сөйлейді, тіпті кейде қазақ сыныптарындағы сабақтарда әріптестерін алмастыра алады.

«Көптеген жылдар бойы Виктор Викторович біздің балаларымызға сиқырға толы көңіл-күй сыйлайды. Онымен бірге балалар жақсылық пен жаңа жылдық ғажайыпқа деген сенімін жоғалтпайды» – деп мұғалімге мектептің ата-аналар қауымы алғыс айтады.

Болашақ мұғалім өзінің алғашқы рөлдерін жоғары сыныптарда сомдады. Олар Аяз Ата, Иванушка-ақымақ және басқа кейіпкерлер.

Бір күні Жаңа жылды қарсы алар алдында Виктор Викторовичке көршілердің балаларын мерекемен құттықтау идеясы келді. Одан кейін бұл идея дәстүрге айналды. Енді жыл сайын 31 желтоқсанда кешкі сағат жетіден бастап Сабынды ауылының Аяз атасы көршілерінің үйлерін аралап, мерекемен құттықтайды. Әр үйде балалар өздерінің дайындаған өлеңдерін айтып, кәмпиттер мен сыйлықтар алу үшін Жаңа жылдың атасын асыға күтеді.

«Мен біздің мектептен жетім балаларды жаңа жылдық шыршаға облысқа жиі алып бардым. Олармен бірге қойылымдарға қатысып, ойнап, көңілдерін көтердім, осылайша оларға қуаныш сыйлай алдым. Балалармен жұмыс істегенді жақсы көремін. Сонымен қатар, қазіргі балалар өздерін еркін ұстайды, көптеген қызықты сұрақтар қояды», – дейді Виктор Петров.

Бір қызығы, мұғалім Аяз Атаның рөлімен шектелмей балалардың көңілін көтеру үшін Кинг-Конг, мыстан кемпір, клоунның мектеп қойылымдарында ойнады. Айтпақшы, осы кейіпкерлерге арналған костюмдер өз қолдарымен тікті.

«Маған Аяз Атаның рөлі ұнайды, өйткені бұл ертегі кейіпкері әрдайым жақсылық әкеледі. Онымен бірге қаншама балалар өсіп жетілді. Балалар Аяз ата көргенде, көздері бал-бұл жанып ерекше құмарлықпен қарсы алады. Балаларға мереке сыйлау мен үшін  үлкен қуаныш», – деп қорытындылады Виктор Петров.

Сабындылық Аяз Атамен бірге баршаңызды келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық тілейміз, үйлеріңізде жылулық пен қуаныш орнасын!