spot_img
Сейсенбі, Қараша 17, 2026
0.2 C
Kokshetau

Қосшыда жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарлануда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық полиция бөлімі әкімшілік ғимаратының, емхананың және «Жайлау City» ТҮҚК тұрғын үйлерінің құрылысына арналған жер телімдерін аралап көрді.

Қала әкімі Гайдар Қасенов алдағы құрылыс барысын баяндады.
Полиция ғимаратын салуға бөлінген жер телімінің жалпы көлемі 2,5 га құрайды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Өңір басшысы болашақ емхананың құрылыс алаңын да аралап көрді.
Берілген жер аумағы 5,0 га.
Өңір басшысы жоспарланған нысанның орналасуы тұрғын үй алқабының орналасуына байланысты қолайлы екенін атап өтті.

«Халықтың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау керек. Сондықтан құжаттаманы толтыру үшін барлық қажетті процедураларды тездетіп, құрылысты бастаңыз», – деді Марат Ахметжанов.

«Жайлау City» ТҮҚК тұрғын үйлерінің құрылыс алаңында облыс әкімі жұмыс барысымен танысты.
Жер телімінің ауданы – 2,7 га. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталды, 3 көпқабатты үйдің құрылысы жоспарлануда.

Сапар соңында өңір басшысы «Дара» бизнес-академиясы» мектеп-лицейінде болып, оған «KAZYNA-SR» ЖШС жиһаздарын сыйға тартты.
Сапар қорытындысы бойынша қала басшылығына тапсырмалар берілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика