spot_img
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
10 C
Kokshetau

Көкшетау полицейлері автокөлікті өртеп жіберді деген күдіктіні анықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының полиция басқармасына арыз ағымдағы жылдың 17 желтоқсанда келіп түсті, автокөлік иесінің айтуынша, түнгі уақытта белгісіз адамдар оның «Ниссан Патрол» маркалы автокөлігін өртеп жіберген.
Бұл фактіні полицейлер Қазақстан Республикасы ҚК 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді (бөтеннің мүлкін қасақана жою). Өтініш берген күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел – іздестіру іс-шараларының кешені өткізілді, қылмыс жасалған ауданда орнатылған бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді, көрші үйлердің тұрғындарынан жауап алынды, куәгерлер мен көргендер анықталды.
Қабылданған шаралар екі күн ішінде жедел уәкілдердің өрттеушінің жеке басын анықтауына ықпал етті. Ол Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарының бірінің 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта көкшетаулық тергеушілер ер адамды өртеуге қандай себептер итергенін анықтап жатыр, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы ҚК 202-бабының 2-бөлігі, 3 000-нан 7 000 АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі жазаны не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді, не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге шектеу қоюды немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы өткізілді

«Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы: таза болашаққа қадам. Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы Восточная көшесі бойында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика