spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Облыс әкімдігінде Көкшетаудағы ҚТҚ шығару мәселесіне арналған кеңес өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық әкімдікте облыс әкімінің төрағалығымен облыс орталығындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Марат Ахметжанов кеңесті ашып қаланың коммуналдық қызметтері өздерінің тікелей міндеттерін атқара алмай отырғанын атап өтті.

«Бүгінде контейнер алаңдарынан қоқыс дер кезінде шығарылмайды, бұл облыс орталығы тұрғындарының көптеген шағымдарын туғызуда. Көкшетау қаласы әкімдігінің қызмет көрсетушілердің келісім-шарттық міндеттемелерін орындауына бақылауы әлсіз екенін атап өтемін», – деді өңір басшысы.

Айта кетсек, ҚТҚ орталықтандырылған жинау жүйесін ұйымдастыру мақсатында Көкшетау қаласының әкімдігі қатты тұрмыстық қалдықтар нарығында қалдықтарды жинайтын және тасымалдайтын қатысушыларды анықтау бойынша конкурс өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша Көкшетау қаласында осы қызметті жүзеге асыратын 3 кәсіпорын анықталды – «ҚТҚ операторы: Көкшетау» ЖШС, «ЭКО-ДУМП» ЖШС, «Clean City Aktobe» ЖШС.
Қала бойынша барлығы 239 контейнер алаңы орнатылған. Оларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Кеңестің қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының әкімдігіне қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытында шығармағаны үшін шарттық міндеттемелер аясында қызмет көрсетушілерге қатысты барлық қажетті шараларды қолдану, мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауын тұрақты бақылауды және күнделікті бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар, өңір басшысы орынбасарларына тағы да қаланы аралауды тапсырды. Жағдай жақсы жағына өзгермесе, жауаптылар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img