spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
6.2 C
Kokshetau

250-ден астам жас талант «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты фестивалінде өз шығармашылығын ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты фестивальдің облыстық кезеңін өткізді.
Іс-шара  мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық өнер құралдары арқылы халық шығармашылығының түрлерімен таныстыруға бағытталған.
 Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығармашылық іс шараның басты қатысушылары Ұлттық өнерді (балалардың музыкалық аспаптары, билері, әндері, өлеңдері, қолөнері) меңгерген барлық этностардың мектеп жасына дейінгі балалар болды.   Қатысушылар 5 номинация бойынша өнер көрсетті.
Фестивальге Ақмола облысының 16 ауданынан, 3 қаласынан және Есіл БММ, Аршалы, Ерейментау, Зеренді БЖШО мен Степногорск қаласының БЖШО  мектеп жасына дейінгі балалары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 268.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар келесі ретпен орналасты:
Би, хореография – Үздік би композициясы:
I орын – Атбасар ауданы,Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы;
II орын – Зеренді  ауданы, Зеренді ауылының «Арайлы» бөбекжайының «Қарлығаш» тобы;
III орын – Бұланды ауданы, Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайының «Құлагер» мектепалды тобы.
Қолөнер шеберлігі – Үздік шебер:
I орын – Сантаева Аяна – Көкшетау  қаласының «Мерей» балабақшасы;
II орын- Ташкенбай Айару – Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының БЖШО;
III орын – Кадралин Батыр – Жақсы ауданы, Жақсы ауылының № 2 ЖОББМ «Теремок» шағын орталығының «Радуга» тобы.
Ән айту – Үздік орындаушы:
I орын – Ермұрат Ақайша – Біржан сал ауданы, Мамай ауылының негізгі орта мектебінің «Аққу» шағын орталығы;
II орын- Кенжебай Еркежан – Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы;
III орын – Атбасар ауданы,Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы.
Мәнерлеп оқу – Үздік мәнерлеп оқу:
I орын – Кайырбаева Алия – Атбасар ауданы, Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы;
II орын – Мален Ақжол – Есіл ауданы, Қаракөл ауылының ЖОББМ «Шұғыла» шағын орталығы;
III орын – Федорова  Мирослава – Зеренді ауданы, Зеренді ауылының БЖШО.
Балалар музыка аспаптарында ойнау – Шебер орындаушы:
I орын – «Қоңырау» ансамблі – Аршалы ауданы, Константиновка ауылының «Березка» балабақшасы;
II орын – «Задоринка» қасықтар ансамблі –  Сандықтау ауданы, Балкашино ауылының «Мирас» балабақшасы;
III орын – «Керемет» оркестрі – Көкшетау қаласының Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы мектепалды тобы.
Фестиваль жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен  және жетекшілері  Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Фестивальдің I орын жеңімпаздары Республикалық кезеңге жолдама алады.  Құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img