spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
8.2 C
Kokshetau

«Достар» мәдениет сарайында 2000 астам шығармашылық кештер өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Достар» мәдениет сарайы – қызметі халықтың мәдени бос уақытын ұйымдастыруға, халық шығармашылығы және көркемөнерпаздар шығармашылығы саласында мәдени жұмыстарды жүргізуге бағытталған заманауи көпсалалы мәдени орталық, деп хабарлайды «Достар» мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі Ақмарал Илюбаева.

Оның қабырғасында тұрақты түрде концерттер, фестивальдар, шеберлік сыныптар, байқаулар ұйымдастырылады. Хор, вокал, би, сәндік-қолданбалы өнер жанрлары бойынша 40 үйірме жұмыс істейді, оларға 1330 балалар мен ересектер қатысады.

Мәдениет ошағы жанында  6 фольклорлық ұжым «Арай» ансамблі, «Асыл мұра» би ансамблі, «Балақай» үлгілі балалар студиясы, «Импульс» үлгілі заманауи би студиясы, «Таволга» халықтық ансамблі, «Балқадиша» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Бұл ұжымдар қазақтың дәстүрлі музыкасы мен биін сақтау, дамыту және насихаттаумен айналысып, облыстық, республикалық байқаулар мен фестивальдарда өнерлерін паш етуде.

«Достар» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары мен солистері қалалық, облыстық, республикалық байқауларға белсене қатысып, лайықты орындарды иеленуде.

Облыстық «Бұрымды қыз-2023» байқауының бас жүлдесін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Исабай Аружан жеңіп алса, «Шаңырақ тобы» шығармашылық тобының мүшесі Есжанова Айман «Атам мен әжем» облыстық байқауының жеңімпазы атанып, 30 000 мың теңге ақшалай сертификатын иеленді.  «Достар» мәдениет сарайының әншісі Анастасия Маркина жергілікті емес халықтар арасында өткен облыстық «Қазақша – караоке» байқауында бірінші орынды иеленді.

Абылай ханның 310 жылдығына арналған облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауында М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының курсанты Қадыр Дәурен жүлделі ІІ орынға ие болды.

Қараша айында «Асыл мұра» фольклорлық ансамблі Алматыда өткен «Гүлденген қызғалдақтар» халықаралық хореографиялық өнер байқауына қатысып І дәрежелі лауреат атанып, жеңіспен оралды.

Биыл «Достар» мәдениет сарайында 2030 іс-шара өткізіліп, оған 931 500 адам қатысты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Біз өз жұмысымызда жастарға патриоттық  тәрбие беруге және балалар шығармашылығын дамытуға аса мән береміз.

Жеке жобаларымызды жүзеге асыру аясында «Үздік дауыс – 2023», «Кішкентау ханшайым-2023», «Балауса -2023», «Ер намысы-ел намысы» байқауларын өткізу дәстүрге айналды. Биыл облыстық KÓKSHE телеарнасымен бірлесе отырып, дарынды балаларға арналған тағы бір «TALANT TIME» жобасын іске қостық. Оның мақсаты – білім мен өнер саласында ерекше қабілеті бар жас таланттарды анықтау. Жоба бірден өз аудиториясын тапты – оны жанкүйерлер бүкіл отбасымен көруді жақсы көреді.

Жастардың шығармашылық әлеуетін дамытып, дарынды тұлғаларды анықтауға бағытталған «Ақмола жұлдыздары» облыстық байқауына көркемөнерпаздар жыл сайын қатысады.

Биылғы гала-концертте Көкшетау қаласының  атынан 45 шығармашылық ұжым сахналық шеберлік пен әртістік өнер көрсетті. «Ақмола жұлдыздары -2023» таланттар шоуының жаңа есімдерді ашылды. Бұлар заманауи әндердің орындаушылары  Ақтоты Әбдірахман, Дарина Калинва, Жетібай Айлара, Тыщенко Арина. Шоу дебютанттары  болып «New-KZ» вокалдық тобы, «Р-Джигиц», «Diamond»» заманауи би ансамблдері танылды.

Бүгінде мәдениет өмір сүру сапасын жақсартып, адамның рухани өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда, «Достар» мәдениет сарайы жастар мен қарттардың мәдени сұранысын қанағаттандыратын, талантын танытатын, музыка, өнер, хореографияда шығармашылық қабілеттерін дамытатын қаланың қоғамдық-мәдени өмірінің орталығына айналды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img