spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері көлікте ауырып қалған 34 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Полиция капитаны Александр Ефимовтың айтуынша, бұл жағдайда стандартты емес жағдайға назар аударған және көмекке шақырған бей-жай қарамайтын азаматтар үлкен рөл атқарды.
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында сағат 14.20 шамасында Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне «Мечта» сауда үйінің аумағында автокөліктің ішінде жүргізушісі қатты «газға» басып отырғаны туралы ақпарат келіп түсті. Көкшетау қ. ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Александр Ефимов пен Темірлан Қалыш құрамындағы «Әскер-5» автопатрульі дереу көмекке шықты.
Түскен ақпарат 5 минут өткеннен кейін, полиция қызметкерлері оқиға орнында болды. Инспекторлар салонында ес-түссіз күйде жүргізушісімен автокөлікті тауып, жедел жәрдем көлігін бірден шақырды. Автокөліктің есіктері жабық болған себеппен, бір секундқа да баяуламай, полиция қызметкерлері қолында болған затты пайдаланып, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсете алуы үшін көліктің артқы есігінің әйнегін сындырды. Жедел жәрдем дәрігерлері 34 жастағы ер адамға қажетті көмек көрсеткеннен кейін, полиция оның туыстарын анықтап, оқиға туралы хабарлады.
Мамандардың айтуынша, алдын-ала мәліметтер бойынша, жүргізуші «эпилепсиялық шабуылға» ұшыраған.
«Барлығы білетіндей, оқиға орнына алғашқылардың бірі болып полиция қызметкерлері келіп, алғашқы көмек көрсетеді. Сондықтан біз әрқашан бәріне дайынбыз және адамның өмірін сақтау үшін бәрін жасауымыз керек», – деп қорытындылады батырлар.
Ер адамның және оның айналасындағы азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтініне көз жеткізгеннен кейін полиция қызметкерлері қызмет көрсететін мекемеде қызмет етуді жалғастырды.
Айта кету керек, полиция департаментінде азаматтық және кәсіби міндеттерін орындай отырып, лайықты қызмет атқаратын қызметкерлер аз емес.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img