spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
7.4 C
Kokshetau

ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру: Үкіметте Инвестициялық штабтың жаңа форматтағы алғашқы отырысы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялық штабтың жаңа форматтағы бірінші отырысы өтті.

Еске сала кетейік, осы жылдың желтоқсан айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инвестициялар тарту жөніндегі кеңеске (Инвестициялық штабқа) ерекше өкілеттіктер беретін Жарлыққа қол қойды.

Отырысты аша отырып, Роман Скляр инвестициялық штаб мүшелерінің алдына қойылған басты міндет инвестициялық жобаларды жедел түрде іске асыру және жалпы инвестицияларды тарту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру екенін атап өтті.

«Инвестициялық штабтың негізгі міндеттерінің бірі – барлық деңгейдегі инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелерін шешу. Ол үшін қажетті құралдар мен өкілеттіктердің барлығы бар», — деді бірінші вице-премьер.

Сонымен қатар Р. Скляр орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігі арттырылғанын айтып өтті.

Отырыс барысында Инвестициялық штаб қызметінің жаңа тәсілдері қаралып, нақты инвестициялық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Роман Скляр инвесторлардың барлық проблемалық мәселесін қысқа мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бірқатар қажетті тапсырма берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img