Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында құжаттың новеллаларын түсіндірген мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл дұрыс болғанымен, біржақты мәселе емес екенін айтты.
«Бастапқыда бұл норма болмаған. Заң жобасын кеңінен талқылау депутаттарға оны енгізуге мүмкіндік берді. Қазір Үкіметтің қарауында. Норма дұрыс, өйткені журналист төтенше жағдайлар немесе соғыс аймағындағы оқиғалар туралы ақпарат тарату барысында оның өмірін сақтандыру өте маңызды. Бірақ тағы бір мәселе – БАҚ – бұл шағын және орта бизнес субъектілері. Сондықтан біз қазір осы норма бойынша олардың құқықтарына нұқсан келтірмеу үшін сараптама жүргізіп жатырмыз. Әрбір редакция өз журналистерін сақтандыруға міндетті деп санаймыз. Ал «Атамекен» ҰКП бизнес мүдделеріне нұқсан келтірмеу тұрғысынан сараптама жүргізеді. Бұл норманы барлық жағынан талқылаймыз: депутаттар да, жеке сараптама да өз анықтамасын береді. Уақыт керек», – деп қорытындылады өз сөзін салалық ведомство басшысы.