spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
14.8 C
Kokshetau

Вакцинацияның қажеттілігі туралы ата-аналармен түсіндірме жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп тұрады – ДСМ

Сондай-ақ...оқыңыз

Қызылша ауруының өзіне тән спецификалық емі жоқ. Сондықтан ауырған балаларға симптоматикалық ем көрсетіліп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай мәлім етті. Сала басшысы қызылшаның асқынуларынан қауіптену керектігіне назар аударды.

«Ең қатты асқынуы – энцефолит ауруы. Қазіргі реанимацияда жатқан балалардың ми қабыну симптомдары бар екені айтқым келеді. Сондықтан балалардың өміріне қауіп төндірмеу үшін вакцинациядан өту жөнінде халық арасында агрессивті түрде деуге болады, насихаттау жұмыстары жүріп жатыр. Осы вакцинация бала дүниеге келгеннен бастап, медицина қызметкерлері анасының қолына Ұлттық күнтізбені беріп, баланың уақытылы вакцинация алып тұруы керек екені туралы үнемі ағарту жұмыстарын жүргізеді», – деді министр.

Ажар Ғиният вакцинацияға қазақстандық ата-аналар жаппай қарсы деп айтуға болмайтынын атап көрсетті. Биыл жоспарлы вакцинациядан 600 мың бала өтті, бұл имундауға жататын жалпы көлемнің 84% пайызын құрайды. Яғни 15% вакцинациядан өтпей отыр.

«Осы ата-аналармен жұмыс жүргізілуде. Биылдың өзінде, жыл басында 8 мыңдай ата-ана қарсы болса, дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің жұмыс жүргізуіне байланысты 50% вакцинация алды. Бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады», – деді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img