spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ел болашағын ойлаған ардақты аналар

Сондай-ақ...оқыңыз

 

 

Жаңа Қазақстанды құрудағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастама жасаған саяси реформалар – елді демократияландырудың  басты алғышарты болып отыр. Ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдердің өз кезегінде қолға алынуы өте құптарлық іс.

Реформалар мемлекетіміздің болашағы және үздіксіз дамып отыруы үшін қажет түрлі салаларды қамтиды. Олардың ішінде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, қоғамдық мәселелер бар.

Қазіргі қоғам мен мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі саналатын ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту сұрақтары да назардан қалған жоқ.

Әр кездері әйел адам – қоғам мен мемлекет көркі. Әйелдер елімізде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси өзгерістерге, халықаралық-дипломатиялық жұмыстарға, қоғамның бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып отыр. Олар бар күш-жігерлерін аямай ерлермен бірге, болашаққа қадам басқан жарқын Жаңа Қазақстан үшін аянбай еңбек етуде.

Бүгінгі таңда өңіріміздегі достық пен татуластық дәстүрлерін берік ұстап тұрған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңестері әр қалада, ауданда және ауылда белсенді жұмыс істеуде. Облыста өз қызметін 104 Аналар кеңесі жүзеге асырады, оның құрамына 1200-ден астам мүше кіреді. Ағымдағы жылы кеңеспен 3500-ден астам қатысушыны қамтитын 100-ден астам іс-шара өткізілді.

Мемлекет басшысы «Әділ азаматты тәрбиелеу» мәселесіне әрқашан баса назар аударып, ананың рөлі зор екендігін атап өтуде. Қоғамдағы ұлттық тәрбиені жандандыру, ұлттық рухты нығайту мақсатында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында көптеген істер атқарылуда.

Елімізде қарқынды басымдықпен отбасылық-гендерлік саясат жүзеге асырылуда, отбасыға, ана мен балаға қолдау көрсетудің кешенді жүйесі қалыптасқан. Соның арқасында жаңа қазақстандық әйел – ұлттың өркендеу кезеңіндегі жаңа белеске шықты. Ол байырғы Ұлы Дала елі ұрпағының дәстүрлі рухани-ізгі озық қасиеттерін бойына жинақтай білді. Бесік тербеткен ана мен биліктегі нәзік жандылардың басты мақсаты – мемлекетіміздің жан-жақты дамуы, қазақ қоғамына бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу екендігі белгілі.

Адамның көптеген көзқарасы мен ұстанымы отбасында тәрбиеленеді. Кеңестің әрбір мүшесі үлкен жұмыс атқаруда. Білім мекемелерімен жасалған меморандум негізінде мектептерде тұрақты негізде ата-аналармен ұлттық тәрбиеге баулитын тәрбие сағаттары өтуде. Биылғы жылы 100-ден астам сабақтар өтті. Бұған қоса, Кеңес жанынан 30-ға жақын «Әжелер клубы» ашылды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Кеңестің жұмысы жоғары бағаланып, республикалық деңгейде алғашқы бестіктің қатарында.

Ал, қандай кезеңде де, қандай өзгеріс болса да халықты бір арнаға тоғыстыратын бірлік, әділдік және адамгершілік екені белгілі. Президенттің алға қойған барлық саяси реформалары, оның негізінде әр салада атқарылып жатқан жұмыстар осы құндылықтар арнасында топтасып, өркендеуге қадам бастайтыны сөзсіз. Елімізде орын алып жатқан оң өзгерістердің бел ортасын Аналар кеңесінің мүшелері әрдайым табылатынына күмән жоқ.

 

Айнагүл Жазиева,

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы

Аналар кеңесінің төрайымы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img