spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Астанада «Абылай ханның жорық жолдары» конференциясы өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Абылай ханның 310 жылдығына орай өткізілген «Абылай ханның қара жолы» республикалық экспедициясының зерттеулері негізінде «Абылай ханның жорық жолдары және Ұлы Даланың ұлы тұлғалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс-шара аясында «Абылай ханның қара жолы»кітабының(құрастырушы М. Ыдырысұлы) II томы таныстырылып және тұсаукесері жоспарланып отыр.
Ақмола облысының әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ш.Ш. Уәлиханов Тарих және Этнология институты, Мемлекет тарихы институты, Лев Гумилев атындағы ұлттық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, басқа да жетекші жоғары оқу орындарының филолог, тарихшы-ғалымдары мен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлерін жұмылдыра отырып, Мұрат қажы Ыдырысұлының жетекшілігімен «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы «Абылай ханның қара жолын жаңғырту» (2018ж.), «Бетпақдала; Абылай ханның қара жолы» (2020ж.), «Абылай ханның жорық жолдары. Ұлы даланың Ұлы тұлғалары»(2021ж.), «Алтын Орда 750 жыл. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл» (2022ж), «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» (2023) тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізді. Экспедиция мүшелері Қазақстан, Ресей және Моңғолия жерлерін аралап 38200 шақырым жол жүрді. Жүргізілген экспедиция қорытындылары негізінде әр маршрут бойынша карталар сызылды. «Сөздің ең ұлысы-тарих»-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тарихи—танымдық, ғылыми мақалалар және экспедиция деректері бойынша «Абылай ханның қара жолы» кітабының I томы(500дана) және II томы (1000 дана) басылып шықты. Ғылыми жинақтың III томының «сүйінші» данасы дайын тұр. Бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді.
«Халықты оятқың келсе, оның тарихын оят» – дегендей Қазақстанда баламасы жоқ «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының мақсаты- XVIII ғасырдағы тарихи маңызы өте зор -Абылай хан заманы аталатын ерлікке толы кезеңге және қазақ даласының ұлы тұлғаларының тарихын, рухани, мәдени қасиеттерін насихаттау, ұлан байтақ қазақ жерін аралап, бабаларымыздың ерлік жолында қалдырған ескерткіштерін түгендеп, оны қалың елге таныстыру арқылы жастарымыздың бойында отанға, ұлтқа, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту болып табылады.
Конференцияның жұмысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарих, мәдениет, әдебиет және этнография саласындағы көрнекті ғалымдар, сондай музей саласының мамандары мен экспедиция мүшелері қатысады

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img