spot_img
Жексенбі, Қараша 15, 2026
-3.8 C
Kokshetau

Оқу-ағарту министрлігі: оқу пәндерінің 93% цифрлық форматқа көшірілді

Сондай-ақ...оқыңыз
Бүгінде оқу пәндерінің цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 80%-дан 93%-ға дейін өсті. Олар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспа 11 платформада дайындалады.

Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтер қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып, сабақтарын өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарын қолдану арқылы білімдерін жетілдіреді.

Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1000 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 976 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталған.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында пәндік кабинеттер жоспар бойынша толығымен сатып алынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика