spot_img
Бейсенбі, Қазан 30, 2025
10.2 C
Kokshetau

«Бала деген баға жетпес сый». Балаға осындай көзқарас бәрін өзгертеді – Б.Қасымбергебаев

Сондай-ақ...оқыңыз

20 қараша – Дүниежүзілік балаларды қорғау күні. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Спикерлер қатарында бизнесмен, демеуші, меценат Бауыржан Қасымбергебаев болды.

«Ең алдымен, баршаңызды осы мерекемен құттықтап, жұмыстары бала өмірімен байланысты педагог, дәрігер, құтқарушы, құқық қорғау органдарына еңбектері үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Себебі біздің елімізде балалар өлімі болмауға тиіс, біздің елімізде және бүкіл әлемде барлық балалардың отбасылары болуы керек. Менің адам, ер-азамат және әке ретінде арманым бар – бүкіл әлемде және менің елімде әр бала өз отбасында өссе деген. Әр адам баланың маңыздылығын түсінген кезде, бала бізге өз миссиямызды орындау үшін берілетін ең үлкен, ең қымбат сый екенін барлық адамдар түсінген кезде, бәрі өзгеретін сияқты. «Бөтен бала жоқ» деп дұрыс айтылған», – деді спикер.

Сондай-ақ Б. Қасымбергебаев балалар мен жастарды қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету жоспарларымен бөлісті. Оның командасы заманауи құзыреттіліктерді меңгеруге көмектесетін бірегей платформаны жасау үстінде. Жаңа білім мен дағдылар болашақта жастарға қаржылық тұрғыда өздерін қорғауға мүмкіндік береді.

«Мен еліміздің жастары мен балаларының ең талантты, қабілетті болғанын қалаймын және балалардың құқықтарын қорғаудағы ұстанымы үшін Президентімізге, баршаға алғыс айтқым келеді», – деп қорытындылады өз сөзін кәсіпкер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері»: 31 қазанда қазақстандықтар тегін құқықтық кеңес ала алады

«Халық заңгері» акциясының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, PRG ақпараттық жүйесі, Prosud.kz интернет-басылымы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика