spot_img
Жұма, Сәуір 17, 2026
0.1 C
Kokshetau

Көкшетауда қарлы дауыл кезінде үш автобус аялдамасы құлап қалған

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда кешегі қарлы дауыл кезінде үш бірдей автобус аялдамасы құлап, бірнеше ірі ғимараттардың шатырын жұлып кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көкшетауда ауа райының күрт бұзылып, жаңбырдың арты қарлы боранға ұласуының салдарынан бірнеше автобус аялдамалары құлап, ғимараттардың шатыры ұшып кеткен.

«Көкшетауда 18 қараша күні кешкісін дауыл кезінде үш бірдей аялдама құлап қалды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қала тұрғындарын сабырлылық сақтауға шақырамыз», – деді Көкшетау қаласы әкімдігінен.

Облыс аумағында дауылдан болған залал мен келтірілген шығындарды анықтау мақсатында Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментімен тілдесіп көрдік. Ведомствоның мәліметінше облыс орталығында 20 метр секунд жылдамдықтан аса соққан дауылдың салдарынан бірнеше ғимаратқа ірі көлемде зақым келген.

«Көкшетауда төрт қабатты «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйінің шатырын жұлып кетті. Мұнымен қоса «Ұрпақ» ЖШС-нің жалпы аумағы 170 шаршы метр болатын шатыры ұшқан. Жалпы аумағы 340 шаршы метрді алып жатқан ғимарат 1982 жылы салынған екен. Профилді парақтан салынған шатыр ағашқа қағылған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбан болғандар болған жоқ.
Қазіргі уақытта облыс бойынша деректер жинастырылуда.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңға жуық тұрғын қатысқан ауқымды экоплоггинг өтті

Биыл Қосшы қаласы қала мәртебесін алғанына бес жыл толуын атап өтуде. Бұл шешім елді мекеннің дамуына серпін берген стратегиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика