spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
7.4 C
Kokshetau

Көкше жерінде екінші мәрте әнші Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» ІІ республикалық дәстүрлі әншілер байқауының гала концерті өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкше жерінде екінші мәрте әнші Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» ІІ республикалық дәстүрлі әншілер байқауының гала концерті өтті.

Ән өнерінің тылсымына бөленіп, киесі қонған Көкшенің Айбозы – Жахин Қажыбай Бадықұлы – сәулелі, мағыналы, жарқын өмірімен, дара шығармашылық еңбегімен өзінің соңынан мәңгілік рухани мұра – қазақ өнеріне ән мектебін қалдырды.

Киелі қара домбырасымен еліміздің және алыс-жақын шетелдердің аспанында қазақ әндерін әуелетіп, ұлылығы мен өміршеңдігін дәлелдеген, халық әндерін, Алты Алашың ардақтылары Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди Бәпиұлы, Сәкен Сейфуллин және басқа да өнер майталмандарының ән жауһарларын нақышына келтіре шырқап, өзіндік өнер мектебін қалыптастырды.

Екі күнге ұласқан ән байқауына төрелік етіп, бағасын берген қазылар алқасының құрамына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабекова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қуаныш Оспан, Мәдениет қайраткері Мара Есмұханова, әнші, Арқа әндерін зерттеуші Сәрсенбай Хасенов, Мәдениет саласының үздігі Эльмира Төлеубаева енді.

«Жүзден – жүйрік, мыңнан- тұлпар» деген қазақтың тамаша сөзі бар. Ән байқауына үміттерін жетелеп келген қатысушылар орындары келесідей анықталды:

3-ші дәрежелі дипломы мен 300 мың теңге ақшалай сертификатымен Бауыржан Марксов марапатталды, Абай облысы;

2-ші дәрежелі дипломы мен 700 мың теңге ақшалай сертификатымен Мөлдір Смайыл марапатталды, Ұлытау облысы;

1-ші дәрежелі дипломы мен 1 млн теңге ақшалай сертификатымен Ерқанат Ерұланбек марапатталды, Ақмола облысы;

Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» ІІ Республикалық дәстүрлі әншілер байқауында үздік өнер көрсеткені үшін, бас жүлде – 3 млн теңге ақшалай сертификатымен Зәмзәгүл Смағұл марапатталды, Астана қаласы.

Іс-шара барсында мәдениет саласының дамыуна қосқан үлесі үшін бірқатар мәдениет саласының қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды.

Барлық қатысушыларды лайықты марапатымен құттықтай отыра, үлкен шығармашылық табыстар тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img