spot_img
Дүйсенбі, Қазан 14, 2024
1.2 C
Kokshetau

Қазақстан мен Оңтүстік Корея жалпы құны $1,5 млрд-тық 5 жаңа инвестициялық жобаны белсенді түрде пысықтауда

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР-ның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гын жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Кездесу барысында Премьер-Министр Қазақстан Республикасының Үкіметі Оңтүстік Кореямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда үлкен перспективалар көретінін атап өтті. Атап айтқанда, бұған тауар айналымының серпінді өсуі дәлел: былтыр ол 2,3 есе өсіп, $6,1 млрд-тан асты, ал биылғы жылдың 8 айында тағы 11%-ға артты.

«Өзара сауда номенклатурасын кеңейту үшін бірлесе іс-әрекет ету керек деп санаймын. Бұл жердегі маңызды құрал – Қазақстан-Корея сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия. Алдағы уақытта оның жұмысын жандандырып, кезекті отырысын өткізу қажет деп ойлаймын», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында екенін атап өтті. Атап айтқанда, соңғы 18 жылда Қазақстанға $9,2 млрд-қа жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық – $1,5 млрд-қа жетті.

Премьер-Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта елімізде 700-ден астам кореялық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішіндегі ірі компаниялар – KIA, Hyundai, Samsung және LG.

«Бүгінде жалпы құны $1,5 млрд болатын 5 жоба жүзеге асыруға дайын және жалпы құны шамамен $500 млн-дық тағы 25 перспективалық жоба әзірленуде. Айқын мысал ретінде, Қостанайдағы жылына 70 мың автокөлік өндіруге қуаты бар, инвестиция көлемі $190 млн жаңа ірі KIA зауытының құрылысын атауға болады», — деді Әлихан Смайылов.

Ол Қазақстан Үкіметі алдағы уақытта да инвесторлардың елімізде жайлы жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайды жасайтынын айтты.

Өз кезегінде Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

«Қазақстандағы KIA зауыты сияқты жобалардың маңызы зор. Егер ол сәтті жүзеге асырылса, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі үлгіге айналмақ. Бұл басқа да осындай зауыттар мен өндірістердің құрылысына ықпал етеді», —  деді Оңтүстік Кореяның сауда министрі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img