spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
15.1 C
Kokshetau

Көкшетауда «Health marathon» денсаулық марафоны өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы күніне орай, «Спорттық каратэ федерациясы» РҚБ Ақмола облыстық филиалы және Ақмола облысының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ мен бірлесе денсаулық марафонын өткізді.

Шараның мақсаты – ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, салауатты өмір салтын және белсенді өмір салтын насихаттау, балаларды, жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу болып табылады.
Марафонға қала тұрғындары мен қонақтары, қала мен облыстың спорт және еңбек ұжымдары қатыса алды.

Шара, таңғы жаттығаудан бастау алды. Одан әрі облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Амангелдіұлы мен «Спорттық каратэ федерациясы» РҚБ Ақмола облыстық филиалы басшысы Руслан Дүкембаевтың құттықтау сөздерімен «Health marathon» атты денсаулық марафоны басталды. Марафон, Қопа көлінің жағалауындағы тікұшақ алаңынан бастап кіші амфитеатрға дейінгі аралықты қамтыды. Сондай-ақ, шара барысында жас спортшылар каратэдан қойылымдар көрсетті.

-Аталмыш марафонды жыл сайын өткізіп отырамыз. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай, марафонға жалпы 100-ге жуық адам қатысып, олардың арасында кәсіби спортшылар мен жас әуесқой спортшылар болды. Жүгіру марафонының орны қашанда бөлек. Салауатты өмірді осылай насихаттаудың жастар үшін маңызы зор деп білеміз. Себебі, жарысқа қатысушы әрбір адам спортты тұрақты түрде жанына серік етеді. Ал, дене шынықтырумен күнделікті айналысқан жастың өзіне де, қоғамға да тигізер пайдасы көп. Айта кету керек, жүгіру марафонына тек жастарымыз ғана емес, сондай-ақ, үлкен аға буын қатары да атсалысты. Осыған орай, бүгінгі өткізген шарамызға қатысқан ең жасы кіші және ең үлкеніне екі номинация бойынша естелік сыйлығын табыстадық , – деп облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков тоқталып кетті.

Шамамен 3 шақырымға жуық жолды қамтыған марафонда алғаш рет қатысып отырған да қатысушылар болды. Аталмыш шара, жаңадан қатысқан спортшылар үшін төзімділік пен табандылықтың нақты сынағы бола отыра, спортқа деген қызығушылықтарын одан сайын арттыра түсті деген сенімдеміз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img