spot_img
Сейсенбі, Қазан 8, 2024
18.2 C
Kokshetau

Көкшетауда жемқорлыққа қарсы жүгіру жарысына 170-тен астам адам қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілердің бірі бол!» атты жемқорлыққа қарсы жүгіру жарысы өтті.

Жүгіру жарысының бастапқы нүктесі Копа көлінің бойындағы жағалау болды. Таңертеңнен бастап мұнда жемқорлық мәселелеріне бей-жай қарамайтын 170-тен астам спорт және салауатты өмір салтын сүйетіндер жиналды.

Жарысқа қатысушыларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин және облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов қарсы алды.

Екі ведомство басшылығы атап өткендей, жаппай жүгіру әрбір қатысушыға спорт арқылы өзінің азаматтық ұстанымын және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсетуге мүмкіндік берді.

Жастар, мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, Антикор еріктілері және қаланың белсенді тұрғындары 5 км және 10 км қашықтыққа жүгірді. Қашықтықты еңсерген алғашқы 50 жүгіруші естелік медальдармен марапатталды.

Іс-шараның бәсекелестік сипатына қарамастан, жүгіру уақытты достық атмосферада денсаулыққа пайдалы етіп өткізуге себеп болып қана қоймай, сонымен қатар қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мәселелеріне көбірек тартуға арналған алаңға айналды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img