spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.6 C
Kokshetau

Жас мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазіргі уақытта елімізде жастарды қолдап, олардың әлеуетін жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл тренд мемлекеттік қызметте де кең таралған. Мемлекеттік қызметтегі жастар мемлекеттік басқарудың әр саласында біліктіліктеріне сай қызмет етуде. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтің сапалық құрамындағы жас мамандар үлесінің тұрақтылығы мемлекеттік аппараттағы кадрлар сабақтастығын көрсетеді.

Жас мамандарымызға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56-шы бабының 12-ші тармағында басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі делінген.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72  бұйрығымен «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары» бекітілді. Яғни, ауылдық жерде жұмыс істеп, тұруға келген мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Жергілікті өкілді орган жыл сайын көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдайды.

 Мысалы, көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі, ағымдағы жылы бұл 343 мың теңгені құрады.  Ал тұрғын үй алуға немесе салуға бюджеттік несие 1500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде  он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01% мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі.

Бұл жерде жоғарыда аталған бапқа сәйкес, қосымша әлеуметтік қолдау шараларының басшылық лауазымдарды атқаратын тұлғаларға таралмайтынын және бұл қолдау шаралары тек мемлекеттік қызметтің E-G-3, E-G-4 санатындағы  бас мамандар мен жетекші мамандарға қатысты екендігін атап өткен жөн.

Соңғы үш жыл ішінде Ақмола облысында 38 мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 13 мемлекеттік қызметшіге 58 829 000 теңге мөлшерінде бюджеттік несие, 32 мемлекеттік қызметшіге 10 178 400 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді.

Сонымен қоса, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен  мемлекеттік қызметшілерді «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де заңнамада айқындалатын тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғынжай жағдайларын жақсартуға мұқтаж қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру, белгіленген тәртіппен мемлекеттік денсаулық мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдалану мүмкіндіктері көзделген.

Оған қоса, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған, таратылған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу,  қайта ұйымдастырылған жағдайда функциялары берілген басқа мемлекеттік органнан бұрынғы атқарған лауазымымен мәні бірдей лауазым, болмаған жағдайда өзге мемлекеттік лауазым ұсыну  қарастырылған.

Қоғамның дамуын ілгерілететін жетекші күш ұшқыр ойлы, бәсекеге қабілетті жастар екендігі белгілі. Сондықтан қоғам оларға үлкен үміт артады. Осыған орай, жас мамандар үшін іске асырылып жатқан тың жобалар олардың әлеуметтік жағдайын және сол арқылы қызметтегі тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал етеді деген сенім бар.

Думан Әбілев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img