spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ашық есік күні. Көкшетаулық сарбаздар ата-аналарымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінде «Әскер ата-аналар көзімен»  атты бір күндік акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Аталмыш шараға «Аналар жүрегі» комитетінің лауазымды тұлғалары, СҚО әкімшілігінен подполковник Толыбай Даулет, СҚО Қорғаныс департаментінен Айман Абжапарова, «Қазақстан болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінен Рүстем Арманов пен Тимур Альжанов, сондай-ақ бірнеше сарбаздың отбасы мүшелері қатысты.

– Акция ең алдымен сарбаздардың ата-аналары үшін ұйымдастырылды. Олар әскери жатын-жайларды аралады. Өздерінің балаларымен қауышып, сарбаздармен сұхбаттасты. Жыл сайын Ұлттық ұлан құрамаларында сарбаздардың қал-жағдайын бақылап, туысқандарының қандай жағдайларда қызмет етіп жүргендерін көру үшін ата-аналарға арналған осындай акциялар өтіп тұрады, – деді бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Айтжан Аубакиров.

Шара барысында әрбір жауынгердің ахуалымен танысатындай экскурсия, жеке сұхбат ұйымдастырылды.

– Әскери бөлім басшылығына ата-аналар атынан алғысымды білдіремін. Біз Солтүстік Қазақстан облысынан Көкшетауға арнайы келіп отырмыз. Бұл бөлімде біздің ұлымыз – қатардағы Виктор Василенко мен туысқанымыз Григорий Антошин өздерінің азаматтық борыштарын өтеуде. Ұландықтардың бүгінгідей мүмкіндік жасағанына ризамыз. Себебі, біз ұлдарымыздың қандай жағдайда қызмет етіп жүргендерін көріп қуанып отырмыз, – деп алғысын білдірді сарбаздың анасы Ольга Василенко.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img