spot_img
Сейсенбі, Шілде 23, 2024
27.2 C
Kokshetau

Әкімдерді сайлау – халықтық демократияны нығайту бағытындағы тың қадам

Сондай-ақ...оқыңыз

Сайлау – қазіргі қоғамды демократияландырудың маңызды институты, халықтың ерік-жігерін білдіру, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының бірі.

Осылайша, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 72/353 Қаулысына (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) т, 113-1 бабына) сәйкес бүгін 2023 жылдың 24 қыркүйек күні Жарқайың ауданы Державин қаласының және Уәлиханов ауылдық округінің әкімдерін сайлауы қарқынды өтуде.

Ауданымызда сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін Державин қаласында 5 және Уәлихановауылында 1 учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын жасауда.

Айта кетейік, Державин қаласының әкімі лауазымына «AMANAT» партиясынан кандидат Заур Джамбулович Смагулов және өзін-өзі ұсынған азаматша Жулдызым Сабырбековна Такенова, ал, Уәлиханов ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидат ретінде «AMANAT» партиясынан кандидат Нурберген Нургалиевич Утесинов және өзін-өзі ұсынған азаматша Гүлнара Нұрымжанқызы Имишева кандидат ретінде тіркелген болатын.

Аудандағы барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылар легі толассыз келіп, ашық та айқын дауыс беруде. Ағымдағы жылғы 24 қыркүйектің сағат 14.00-ге сәйкес қаламыздың 2263 тұрғыны(45,3 %) және Уәлиханов ауылдық округінің 290 тұрғыны (55%) дауыс берді. Дауыс беру әліде жалғасуда.

Бірінші болып дауыс бергісі келген азаматтар сайлау учаскелеріне олар ашылғанға дейін де келді. Бірінші болып дауыс берген азаматтарға, сондай-ақ туған күн иелеріне, өмірінде бірінші рет дауыс берушілерге естелік сыйлықтар табыс етілді.

Аудандағы сайлау өтетін барлық сайлау учаскелеріне байқаушылар мен сенімді өкілдер жіберіліп сайлаудың демократиялық талап-тілектерге сай, мейлінше әділетті өтуіне, қандай да бір арандатуды болдырмауға күш салуда.

Байқаушылардың міндеті – арандатуға жол бермеу, заң үстемдігін қамтамасыз етуге күш салу, яғни түптеп келгенде елдің бірлігі мен берекесіне қызмет ету.

«Мен «АМАНАТ» партиясынан бақылаушымын. Сайлау учаскесі қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Келушілерге де талаптарға сәйкес қызмет көрсетілуде. Таңнан бері қарап отырмын, ешқандай заң бұзылып жатқан. Сондықтан сайлау әділ жане заңды өтуде деп санаймын» – деді бақылаушы Қуаныш Мендібеков.

«Мен әрқашан сайлауға қатысамын, өйткені, бұл өте маңызды мемлекеттік және саяси акция деп санаймын. Сайлауға мен өз елімнің азаматы ретінде қатысамын және өз дауысымды заң шығарушы биліктегі мәселелерді шеше алады деген адамға дауыс беремін. Ол шешуді қажет ететін мәселелердібілуі керек. Сайлау учаскесіне дәстүр бойынша барлық отбасыммен барамын. Біздің ешқайсымыз бұл маңызды оқиғаны жіберіп алмаймыз. Біз өз дауысымызды Державинск қаласы әкіміне лайықты кандидат үшін береміз» – дейді Жарқайың аудандық мәслихат төрағасы, депутат А.К.Әлжанов.

«Бүгін біздің ауылда сайлау өтіп жатыр! Қала мен ауыл әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге мүмкіндік береді деп санаймыз.

Тұрғындар Уәлиханов ауылдық округінің әкімін өздері таңдайды!

Халық сайлаған жаңа әкімнің келуімен ауылдық округтегі өмір жақсы жаққа өзгереді және барлық басталған істер аман-есен жалғасады деп үміттенеміз. Барлық тұрғындарды сайлаумен құттықтаймыз! Сіздің дауысыңыз маңызды!!!» – деді, Колесник А. және Ким Л. отбасысы.

Қорытындылай кетсек, бұдан былай жергілікті тұрғындар өздері қалаған азаматты басшы етіп сайлап алуға дағдылана түседі деген сөз. Бұл мемлекеттік басқару ісіне бұқараның араласуын арттырып, халықтың билікке деген сенімін нығайтпақ.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дәрі-дәрмектерді таңбалау және бақылау ережелерI

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан...