spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
9.2 C
Kokshetau

Ұландықтардың көмегімен жоғалған бала табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қарағандыда қызметтен үйге қайтып бара жатқан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ефрейтор Еламан Жаркеев пен ефрейтор Абзал Құрманбай Бұхар жырау көшесіндегі «Самал» сауда үйінің маңында үлкендердің қарауынсыз, ақша сұрап жүрген жеті жасар баланы көреді, деп хабарлайды ҚР ұлттық ұланының орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында бала жоғалып, жол жүруге ақша сұрап жүргені белгілі болды. Уақыт жоғалтпай ефрейтор Абзал Құрманбай бірден тонған баланы «Самал» сауда үйіне кіргізіп, ата-анасының байланыс нөміріне қоңырау шалады, жоғалған ұлын тапқаны және қай мекен-жайға келуін хабарлайды.

Шамамен 20 минуттан кейін баланың анасы бірден белгіленген мекенжайға келіп, ұлымен кездесті.

Әңгіме барысында Ж. айтуы бойынша екі баласымен базарда сауда жасап жүрген кезде, ұлы ойын автоматтарына қызығып анасынан қалып қойған, анасын жоғалтып алғанын түсініп даладағы аялдаманың қасындағы адамдардан үйге қайту үшін ақша сұрап алыстап кеткен.

Қуанышты ана аталған әрекеттері үшін әскери қызметшілерге алғысын білдірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика