spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар Республикалық құқықтық квиз байқауының жеңімпаздары атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылдың 25-тамызында ӘПК арасында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Ата Заң – тірегім» Республикалық құқықтық онлайн квиз-байқауы өтті. Оған барлық облыстардың «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Іс-шара жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге, Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге және қатысушылардың бастапқы құқықтық білімдерін жинақтауға ықпал етеді.

Аталған додаға Ақмола облысы атынан Көкшетау қаласы Әл-Фараби атындағы ІТ-мектебінің «Мерген» ӘПК тәрбиеленушілері Ербатыр Ернияз Ержігітұлы мен Шагиров Аскар Бауыржанұлы қатысты.

Ережелеріне сәйкес квиз-байқау үш турдан тұрады оған 30 сұрақ кіреді. Әрбір қатысушы квиз-байқау сұрақтарына жеке жауап береді. Сұрақтар Қазақстан Республикасы Конституциясы тарихы мен баптарының мазмұны бойынша құрастырылған.

Тартысты байқаудың қорытындысы бойынша біздің қатысушылар ең көп ұпай жинау арқылы 1-орынды жеңіп алды. Клуб жетекшісі Бекмаганбетов Бекет Кумирсерикович.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img